«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың таңдамалы шығармалары»

«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың таңдамалы шығармалары»
жеке
блог

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)
ақын, ағартушы, жазушы, публицист, Алаш қайраткері

 

«Қараңғы қазақ көгіне

                                   Өрмелеп шығып күн болам!

                           Қараңғылықтың көгіне

                                      Күн болмағанда, кім болам?!»

                Сұлтанмахмұт Торайғыров

            Zoom платформасында  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған ашық куратор сағаты өтті. Шараға әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унивестиетінің Ақпараттық Технология факультетінің Жасанды Интеллект және Big Data кафедрасының 4-курс студенттері қатысты.

          Сұлтанмахмұт жас ақындардың ішіндегі бір күшті ақын еді. Өнер - білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай, мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай , қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от-жалындай зулаған болат қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді.  

       Ақын шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін студент өз бетінше іздене отырып ашуға тырысты. Ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысу, шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттады. Студенттер автор шығармашылығымен танысып, бір-біріне сұрақтар қойып, сабағымыз қызықты және  жоғары деңгейде өтті.