2-курс.ҚазҰУ.Сабақта жазылған жұмыс.Жанымызда отырған студенттерді суреттедік.Уақыт санаулы.Сондағы менің қысқа-нұсқа жазғаным...
....Жаңа туған қозыдай сүйкімді,дауысы скрипкаға салынатын баяу музыка тәрізді.Жүрісі көл бетінде жеңіл жылжыған аққудан айнымайды.Бет-әлпеті былай, әлденеден қашып секем алған қояндыкыне ұқсас.Кейде нұрға толы көзі айбатты арыстанды көрсетеді.Сирек ашуланатын ол Рафаэль Сантидің дүние жүзіне мәлім суреті Мадоннаның мейірімін бейнелейді.Жұмсақ мінезі Төлегеннің ғашығы Қыз-Жібектің іңкәрлігін сіңіріп алғандай сүйсіндіреді.Оның көркем мінезі ақпан айының кездесе бермейтін 29-ші күніндей айтулы дата типтес « дара бейне »