Сөзбен суреттедім

Сөзбен суреттедім
жеке
блог

2-курс.ҚазҰУ.Сабақта жазылған жұмыс.Жанымызда отырған студенттерді суреттедік.Уақыт санаулы.Сондағы менің  қысқа-нұсқа жазғаным...

....Жаңа туған қозыдай сүйкімді,дауысы скрипкаға салынатын баяу музыка тәрізді.Жүрісі көл бетінде жеңіл жылжыған аққудан айнымайды.Бет-әлпеті былай, әлденеден қашып секем алған қояндыкыне ұқсас.Кейде нұрға толы көзі айбатты арыстанды көрсетеді.Сирек ашуланатын ол  Рафаэль Сантидің  дүние жүзіне мәлім   суреті Мадоннаның мейірімін бейнелейді.Жұмсақ мінезі  Төлегеннің ғашығы Қыз-Жібектің   іңкәрлігін сіңіріп алғандай сүйсіндіреді.Оның көркем мінезі ақпан айының кездесе бермейтін   29-ші күніндей  айтулы дата типтес  « дара бейне »