Сөз құдіреті

Қазіргі таңда ауру-сырқау секілді проблемалар саны артып бара жатыр. Мыңдаған адамдар орнынан тұра алмай, өмірінен түңіліп, өздеріне қол жұмсауда. Әрине, суицид проблеманың шешу жолы емес. Бірақ сол адамдардың жан азабын түсінуге тырысайық.

Жақында, instagram желісінде, "жүрегіңді жылатар оқиға" атты парақшадан бір мақала оқыдым. Яғни, бұл Ұлыбританияда болған жағдай екен. Шарлотта есімді әйел өзінің тұған қызының өмірін қиюға, жоғарғы соттан рұқсат алған. Бұл өте қызық жағдай. Неліктен, туған анасы осындай жағдайға баруға мәжбүр болған? Себебі, Нэнсиді (сол әйелдің қызы) алда өте ауыр және қиын өмір күтетін. Оның көзі көрмей, тамақ, су іше алмайтын болған. Оған дәрігерлер "гидроцефалия", "менингит", "сепсис" секілді көптеген диагноздар қойған. Өмірін сақтап қалу үшін, дәрігерлер тамақ пен суды әртүрлі құрылғылар арқылы беріп, көптеген ота жасауға мәжбүр болған. Әрине, 12 жасар қыз баланың бұндай нәрселерден кейін қиналуы айдан анық. Осы жағдайды толық ойланған, ана жүрегі, қиын, бірақ дұрыс жолды тандауы керек еді. Ал бұл қайғылы оқиғаның соның біз барлығымыз білеміз.

Менің осы жағдай туралы айту мақсатым, осындай қиындықтарға душар болған жандарға барынша көмек беруге тырысайық. Қаржылай көмек маңызды болғанымен, моральді көмек әрбір адамға көптеу керек. «Тәтті сөз - дәмді сөз, жылы сөз; қатты сөз - өткір сөз, қатал сөз, қатаң сөз, түрпідей сөз; қыңыр сөз-қисық сөз, мәнсіз сөз, әрсіз сөз» деп, қазақ босқа айтпаған. Егер адамның ойын позитивті жаққа өзгертсе, "мен сауығамын" деген адам өз күшіне сеніп, мойын ұсынбайтындығы анық. Яғни, оның өмір сүруге деген құлшынысы артады. Өмірімнен дәлел келтірсем, 4 жыл бұрын, менің ағам жол апатына түскен болатын. Осыдан кейін, орнынан тұра алмай, төсек тартып жатты. Бірақ, көптеген жылдар бойы, бірнеше елдерде емделіп қазір біршама жақсарып, қалпына келді. Әрине, өмірге деген қызығушылығы түсіп, деппресияға түскен кездері де болатын. Бірақ, ол өз күшіне сеніп, өмір үшін күреске түсті. Қазір, ол осы сырқатты толық жеңіп келеді, деп те айтуға болады. Сондықтан, әрбір адам қандай қиындық болмасын, оны жеңуге тырысуы қажет.

Сөз соңында, мен сізге  нұсқаулық  айтпаймын. Әрбір адам қандай іске болмасын, өзінің таза ойымен бару керек. Тек «жақсы сөз - жарым ырыс» екенін ұмытпайық. Себебі, барлығы да өз қолымызда... 



Бөлісу: