Сөз жəне сөйлеу туралы

Сөз жəне сөйлеу туралы
жеке
блог

Үндемей отырған адам көп нəрсені біледі,ал сөйлеп отырған адам ұтылады.

Өйткені өзі сөйлеп отырған адамның бақылауы нашар жұмыс істейді. 

Сондықтан, сөйлейтін болсақ - айтатынымыз  болса ғана ,бірдеме біліп сөйлеген жөн.

Адамның кім екенін сөзі білдіреді "Кісіні аузындағы сөзінен таны"деген ғой қазақтар.

Олай болса сөйлемес бұрын айтар сөзіңнің сөйлемін əдемілеп құрап,жағымды үнмен

жайлап сөйлеген жөн.

Жұрттың бəрі жаппай сөйлеп жатқанда үндемей көп тыңдауға күш салу керек.

Егер анық жəне нақты сөйлей  білмесең сөйлеудің де қажеті жоқ.

Егер біреуге өтініш айтқың келсе,маймөңкелетпей нақты жəне бірақ айтқан жөн.

Тəрбиелі адам өсек айтудан əрқашан аулақ жүреді,

ол адамның қадір -қасиетін кетіріп,өзін айналасындағыларға сенімсіз етеді.