Смартфоннан туындайтын кеселдер

Смартфоннан туындайтын кеселдер
жеке
блог

XIX ғасыр технологиялар ғасыры деп бекер аталмаған. Әрине, замана желі бірқалыпты қысымды ұстамай өзгеріске ұшырайды, дамиды, жетіледі. Соның ішінде біздің қоғамға пайдасын да, зиянын да тигізетін технологиялар көп. Соның бірі ерекше аталымдағы смартфон. Радиожелі арқылы байланыс жасау үшін ғалымдар ең алғаш ұялы телефон ойлап тапқан болатын. Оның тарихы 1875 жылдардан бастау алады. Алғашында сымдардың көмегімен байланыс жасау кейін телефонға, одан соң түрлі модельдегі қалтафондарға ұласып, қазіргі таңда өрістеп смартфонға айналып отыр. Ұялы телефон шыққан заманда тек байланыс үшін ғана қолданылған. Оның пайдасы ғана басымырақ болатын. Ал соңғы жылдардағы біз пайдаланып жүрген смартфонның зияны басымырақ. Пайдасы жоқ демеймін, дегенмен де, оны пайдаланудың жөніне қарап баға бере аламыз. Смартфонның ұялы телефоннан артықшылығы, бүкіләлемдік жаңалықтарды қамтитын ғаламтор, әлеуметтік желілер, файлдар, құжаттар сақтаудың ерекшелігімен, пошта арқылы жұмыс істеу, хат алмасудың бар болуында.

Смартфонның адамға тигізер зияны көп дедім. Соның ішінде, мидағы аурулардың туу қаупі зор, дейді дәрігерлер. Соған қарамастан біздің смартфонға тәуелділігіміз жоғары. Соңғы жылдары смартфон салдарынан опа шеккен мыңдаған адамдарды, тіпті, селфи үшін өмірін құрбан еткендердің де қатары көптігінен хабардармыз. Әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат тарату арқылы адам арасына бүлік салушыларды да байқаймыз. Абай атамыздың айтқан бес кеселі осы смартфонның дұрыс пайдаланбауынан туындайтындай көрінеді. Шынайы әлем емес желілерде адамның өзін әсем көрсетуі өтірікке, өзгені желі арқылы талқыға салуың өсекке, барған жерің, киген киіміңді ел көрсін, іш күйсін деп салуың мақтандыққа, жалған желімен өмір сүріп, басқаға қарар шамаң келмей жалқаулануың нағыз еріншектікке, вк, инстаграм үшін, құр бос әңгіме үшін ақшаңды босқа шашып бірлік салуың мал шашпаққа жетелейтіндей. Бұлардан да қымбат уақыт дейтін құндылығымыздан айрылу барып тұрған ысырапшылдық емес пе?! Дамыған қоғамда артта қалмау дұрыс әрине. Технологияны пайдаланып білу де керек. Бірақ, оны аз пайдаланды деген заман көшінен қалды дегенді білдірмейді ғой. Қайта өзіңе керегін алып, білім жиғаның сенің әлем үшін тигізген бір пайдаң болары сөзсіз. Ағылшын құрлығында өзің қатарлы балалар смартфонды тек байланыс құралы ретінде қолданатыны белгілі. Ал бос уақыттарында шахмат, жүгіру, жүзу секілді спорт түрлерімен әрі өздерінің хоббилерімен айналысады екен. Ал күншығыс еліндегілер өздері смартфон шығарғанымен, көпшілігі әлі күнге дейін ашылып-жабылма телефонын ұстайды дейді. Бұл өз уақыттарын үнемдеу үшін  таптырмас тәсіл. Бұл елдерді технологияның отаны десек, артық айтқандығымыз емес. Сондықтан, мысал әрі үлгі ретінде қарап баға берсек болады. Осы тұста М.Әуезовтың сөзі есіңе түседі екен. "Қоғаммен қоғамды, адаммен адамды теңестірер – білім". Ендеше, смартфон кеселіне шалдықпай, оны тек өз пайдамызға жарата білсек, нұр үстіне нұр олар еді.