Шын дос-асыл қазына!

Шын дос-асыл қазына!
жеке
блог

 Менің  ойымша әр адам баласыныңда өз жолдасы яғни айтқанда өз досы бар емес пе?Бірақ кейбір адамдар бар, өзін жалғыз санап өзіне жолдас адамды қажет етпейтін .Ол адамдарды сенің досың жоқ деп кемсітіп ұрсудың қажеті жоқ тәрізді .Мүмкін ол адамда өзіне жақын дос адамды тапқысы келер бірақ дос табу үшін де сөйлейтін сөзің, сол ортамен жарасып кететіндей болу керек қой.Бірақта қазіргі кезде дос адамдар да ақшаңа ,мал мүлкіңе қарайтын болды ғой, әрине барлық адамдарды сондай деп айтып жатқаным жоқ. Бірақта сондай адамдар қазіргі кезде өте көп .Сондай кісілер ақшаң барда қасыңнан табылады да ,ал ақшаң жоқ болса пысқырып та қарамайды ғой . Адал дос пен амал досты айыра алмайтын халге жеткен тәріздіміз  қазір . Шын достар деген қуанышта қасыңнан табылып, ал қайғыңда жұбатады емес пе?Өмірде қаншама сынақ бар ғой сол кезде қасыңнан табылып қолдау көрсететін адам ол дос әрине .Досы көпті жау алмас деп айтсам да артық емес. Білесіз бе? Сіз қандай болсаңыз досыыз да сондай ,өйткені сіз онымен жарасып дос болып кеткеніңде бір -біріңіздің мінезіңізде  немесе басқада нәрселеріңіз ұқсағандықтан сіздер доссыздар.Мысалы:  сіз өте шапшаңсыз делік ал досыңыз өте баяу сол бір нәрсеге бола сіздер көп ұрсып жанжалдасып кетулеріңізде мүмкін, солай сіздер достар бола алмайсыз ал сіздердің қимыл іс- әрекеттеріңізде бірдей болса сіздер айрылмас достарсыздар әрине бұл айтқандарым жайғана менің ойым ғой, бәлкім, ондай да болмас......