Ағартушылық пен ғылымға сіңірген еңбегі үшін ғылыми мақалалары арқылы ғалым-публицист ретінде Шоқан Уәлиханов көпшілікке таныс.
Ал журналист-публицист ретінде ше? Бекхожин арқылы Уалихановтың бұл қыры да айқындалды.
Шоқанның өмірге келген көзқарасы, ұстанымдары мен пайымы оның мақалаларда айқын көрінді. Шоқан - реалист. Бұл, ертеңі белгісіз сол заманда өте маңызды деп білемін.Ол үлкен империя құрамында дүниеге келіп, біртұтас,тамыры бір мемлекет деп қабылдады. Қоғам үшін қызмет етіп, жақсартуға тырысты. Оны Шоқан бай-бағлан, ченовниктерді сынап жазғанынан байқауға болады .
Патша үкіметінің де, қазағының да қатесін меңзей алатын. Ғылымның адамы ғой, тек нақты фактпен сөйлейтін.Осы тұста оны бейтарап журналист ретінде көре алдым.
Әскери өмір де оны публицистикаға бейімдеді деп ойлаймын. Жазуында жүйелілік пен нақтылық байқадым.
Шоқанды оптимист деп суреттей аламын. Патша үкіметінің қатаң езгісінен көз ашпай, қарсы шығып жатқан халық үшін мәдени-ағартушылық даму жағынан Ресейге қосылу өте маңызды және пайдалы екендігін байқады.Әрі өз халқы үшін осыны тиімді пайдаланды.
Шоқан білім алып, зайырлы қоғаммен дос болуы оның таным көкжиегін де, мүмкіндіктерін де кеңейтті. Танымының кеңейгеніне Петербургқа сапарынан әсерінен байқадым. . Революцияшыл-демократияық бағытты ұстануы, "Сот реформасы туралы" мақаласындағы пікір-сыны бұған дәлел. Қазір мен либералдарды қолдаймын. Бірақ, Уалиханов сияқты тез өзгерістерді қалайтын әскери адам, сол заманның саяси қалыптасқан публицисті, демократы болсам, мен де революцияшыл-демократиялық бағытта болар едім деп ойлаймын. Меніңше, бұл сол кезең үшін ең ұтымды бағыт еді. Себебі, Шоқан-мықты аналитик. Жоғарыда мүмкіндігінің кеңейді дегенім. Ықпалды достары арқылы халыққа да көмектеседі. Мысалы, 1858 жылы Герценнің "Колоколында" тең құқылық жайында айта отырып, патша үкіметінің қазақ халқына жендеттік әрекетін әлемге жария етеді. Тіпті хаттарында қиындықтарды бөлісіп, жолдастарынан қолдау сұрауы көріс табады.
Уалихановтың әйелдер теңдігі мен адам құқығын бұзатын еріксіз әмеңгерлікті сынап жазғанына қарап, мен оның әділеті мен парасатына таң болдым.Тіл үшін бас кесілетін заман ғой. Халқымызды надан деп атағанымен , батыста енді белең алып келе жатқан гендрлік теңдікті құптайтын сол феминисттік көз- қарастың Шоқан елімізде негізін салушылардың бірі дер едім.
Осының барлығы, тіпті, материалдарын орыс тілінде жазудың өзі, Шоқан жаһандану мен жаңашылдыққа ашық екендігін, қазақ халқының әлемдік қоғамда орын алғанын қалағанын көре алдым.
Сонымен, бойына осыншама қасиетті жинаған, жазбаларында терең мән мен мағына бар , пікір бар адам-нағыз публицист. Ол-Шоқан Шығысұлы Уалиханов.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің 1-курс студенті
Калимуратова Аяна Асылханқызы