Шоқан Уәлиханов— публицист.
«Қырғыздар туралы» мақаласы
Шығыстың алпауыты, Сарыкөлдің Құсмұрынында дүние есігін ашқан ағартушы, шығыстанушы, тарихшы және публицист— Шоқан атамыз қазақ журналистикасында өзіндік орны бар жандардың бірі. Қазақ пен қырғыз бір туған деген әңгімелерді көп естіп тұрамыз. Саяхатшы Шоқанның қырғызтану саласына қосқан үлесі аз емес. Қырғыздардың қоныстануы жайлы былай айтқан: «… қырғыздар тау жоталарын бойлай қоныс тебеді, сондықтан қырғыз ұрпақтарының басым көпшілігінің шоғырланып жиналған жері Сыр мен Әмударияларының бас жағындағы көгалды таулы өңір мен Алтай жотасының арасындағы тау торабы. Сол жерден бастап олар Тянь-Шань мен Алатау жүйелерін бойлап, солтүстікке қарай қоныстанады да Мустаг пен Белурдаг шыңдарының үстін баса, оңтүстікке қарай тереңдей кіріп, көлденең жатқан Гиндикуш жүйелеріне жете мекендейді».
Барлық көшпелі халықтың бірден бір байлығы— мал - жаны. Ішсең— сүті, жесең— еті, мінсең— көлік болады. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз малды қасиет тұтып келген. Шоқанның «Қырғыздар туралы» мақаласында қазақ халқының мал шаруашылығымен қатар салыстыра отырып, ортақ және ерекше белгілерін айқындап зерттеген.
Алатау қырғыздарының ең байларының қойының саны 3000-нан аспаған, сонымен қоса, оларда ірі қараның саны да едәуір көп. Шоқанның назарынан олардың сүйікті жемдері де тыс қалмаған. Мысалы, қырғыз жылқысының сүйікті оты — қоңырбас, ал қазақ жылқысының сүйікті оты — бетеге мен тікенді ебелек. Дегенмен, Шоқанның жанын қынжылтқан бір жағдай қырғыздардың өз мал сандарын нақты айтпаған, сұраған сәтте миға қонымсызсандарды айтқанын алға тартқан деседі. Қырғыздар балық аулау мен аңшылық сынды кәсіп түрілеріне мардымсыз екенін атап өтеді. Жете зерттелген Шоқанның мұралары жүйеленіп, ғылыми айналымға енген.
Публицист Шоқан жер бетін зерттеу арқылы публицист, зерттеуші және саяхатшы деген атаққа ие болды. Оның мақалалары, зерттеулері арқылы қырғыздардың өмір салтымен де таныса аламыз. Шоқанның еңбектерінің жаңа қырларының тұңғиығы ашыла беретіні сөзсіз. Оның ғылыми мұралары Орталық Азия халықтарының бірегейлігін нығайтуға арқау болып, оң ықпал етеді.
Әль-Фараби атындағы Қазақ ҰУ "Журналистика" факультетінің 1 курс студенті Нұрқияс Аяна Айтуғанқызы