Шежірелі өлкемнің тарландары
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының батыс аймағындағы ірі шаһарлардың бірі-Ақтөбе облысы. Адам өміріндегі киелі орындардың бірі –туып өскен жері. Әр адам өзі туып өскен өлкесін мақтан тұтады.Ақтөбе – киелі жер . Себебі бұл өлкеде көптеген аты аңызға айналған тұлғалардың кіндік қаны тамған. Cоның ішінде қазақтың батыр қызының бірі - Әлия Молдағұлова . Ол Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген.Кішкене кезінде анасынан айырылады да, балалар үйінде тәрбиеленеді. Кейін майданға жіберуге өтініш білдіреді. «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту» деп Гауһар батыр айтқандай, батыр қыз қаһармандықпен шайқасқан. Ақтөбеде батыр қыздың музейі мен ескерткіші бар. Сонау Шалқар көлінен 7-10 шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген, ұлт – азаттық қозғалыстың басшысы , әйгілі батырлардың бірі Есет Көтібарұлы мен де мақтана аламын. Көптеген көтерілістерде қол бастап, көбінесе Ойыл , Жем ,Сағыз өзендерінің бойын қорғаған танымал батыр. Қанды шайқастарда ерен ерлік көрсетіп, қол бастап, маңызды рөл атқарған. Батқан күн, атқан таң демей қолына өткір найзасын алып, елі үшін барын да жанын да беріп, қанын төккен,ақ тұлпар мен самғаған , рухы биік , айбыны асқақ өршіл батыр болған. Жоңғарларға қарсы күресте елге танылған батырдың бірі - Есет Көкіұлы.Тама руының батыр ұлы жастайынан жауға аттанған қаһарман. Ол ақ қылышын асынып,жауға қарсы атылып,Отан рухын көтеріп, қазақтын туын желбіретуге барын салған. Қызы Ботагөз де ел қорғаған батыр қыз болған. Қазір Есет батырдың Алға қаласында кесенесі бар.
Бұл өлке сонымен қатар елдің бірлігін нығайтып, хандарға жақсы кеңесші бола білген, белгілі билерді де өсірген топырақ. Қазақтың үш биінің бірі - Әйтеке би. Ол қазіргі Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Жастайынан өзінің шешендігімен , тапқырлығымен жұрт көзіне түскен. Елді әділдік пен бірлікке шақырып отырған. Сөзі сүйектен өткен, жүрек түкпіріне жеткен, әрбір сөзі алтындай , қазақтың бейне қалпындай, асыл сөзді шешен болған. Қара қылды қақ жарған , мың жылдығын болжаған дала кемеңгері , жырау , белгілі би Мөңке би де Шалқар елінің киелі топырағынан. Әбілқайыр ханның кеңесшісі Мөңке би заманында терең ойшыл , философ болған. Қазір қаламызда Мөңке бидің мүсіні орнатылған.
Ақтөбе облысы Ойыл өңірінен шыққан текті тұлғаның бірі , «Ақ тарының атасы» - Шығанақ Берсиев. Бұл тарының тарихы сонау 1 938 жылдан басталады. Бұл тары алдымен Ойыл жұртының жаппай қырылуына жол бермеді . Кейін Қызыл армияның мұқтаждарына тонналап тары жіберілді. Қазір қастерлі ақ тары Ленинград мұражайында сақтаулы. Әлемдік рекордтың атасына арнап, жазушы Мұстафин «Шығанақ» атты романын жазып қалдырған. Қасиет тұтар киелі өлкенің топырағынан жаралған осындай тұлғаларға деген құрмет, біздер, Ақтөбеліктер үшін үлкен мәртебе. Ақтөбе өлкесі талай сазгер, профессор, әртістерді де дүние есігін қаққызған киелі жер. Темір ауданы Қосуақтам шатқалында өмірге келген, өнертану ғылымының докторы, дирижер атамыз Ахмет Қуанұлы Жұбанов . Ол негізі қазіргі заманғы кәсіби музыканың негізін қалады. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз. «Ахмет Жұбанов» атты деректі фильмдерде түсірілген. Қаламызда сазгерге арналған үлкен ескерткіш орнатылды. Сазгер, профессор , Ахмет Жұбановтың ізін жалғастырушы, қызы – Ғазиза Жұбанова. Әкесі сияқты қазіргі замандық музыканың негізін қалады.Жұбанованың өзі - көптеген опералар мен балеттердің, симфония поэмаларының т.б музыкалық шығармалардың авторы.Көптеген сыйлықтар мен лауераттардың, ордендердің иегері. Ахмет Жұбановтың ағасы Құдайберген Жұбанов алғаш қазақ тілін зерттеуші,түркітанушы. Темір ауданында дүниеге келген, тоғыз тілді жетік меңгерген,педагог. Тұқымнан шыққан өскін секілді,үш ағайындылардың тағдырлары, өмірлері, өнерлері бір жерден бастау алған.
Қазақ сахнасына еңбегі сіңген,Ойыл ауданында дүниеге келген балет әртісі Нұрсұлу Тапалованың кіндік қаны тамған жері осы киелі жер.Биші қызды қазақ би өнерінің ханшайымы Шара Жиенқұлованың ізін қуушы деп те атауға болады. Нұрсұлу Тапалова өмірін осы би өнеріне арнаған,миниатюра жанрында да көп еңбек еткен. «Құрмет белгісі» орденімен мараппатталған жерлесіміз жеке билерді нақышына келтіріп орындаған. Көп жылдар бойғы еңбегінің нәтижесінде халықтың есінде және тарихта есімі таңбалап жазылды.
Проза мен драматургия да жемісті еңбек еткен, жазушы, аудармашы атамыз Тахауи Ахтанов. Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында дүние есігін ашқан. Қазақ сахнасының төрінде жүрген көптеген драмалар мен комедиялар қаламгердің туындылары.Жазушы қаламынан туындаған шығармалар көбіне халық өмірі мен тұрмыс тірішілігіне арналған.Қазақстанның Халық жазушысы атағының иегері атанған.
Шөл далаға су сеуіп,бұлақтың көзін ашып,табиғатқа күн сыйлаған,қараңғы халықтың көзін ашқан қазағымның біртұтас азаматтары ел есінде мәңгілік сақталады.