Шәмшінің біз білмеген бір сыры... (Байқауға)

Шәмшінің біз білмеген бір сыры... (Байқауға)
жеке
блог

1991 жылы мен үшін де, Түлкібас ауданының тұрғындары үшін де үлкен бір уақиға болды.Ол қазақ халқының сүйікті де, аяулы перзені, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың біздің ауданға келуі еді. Шамасы  тамылжығын тамыз айы болу керек.Шәмші Түлкібастағы демалыс үйіне келіп осындағы қонақ үйлердің бірінде демалып жатқан жайы бар екен. Бұл хабарды естіп біздер:Бас директорымыз Аманбек Ақаев бастап,Әбдіжаппар Шөкеев және мен үшеуіміз санатрояға келіп, Шәмшіні іздей бастадық.Шәмшінің атын, оның даңқын естіп, оның әндерін шырқып жүрген біздер үшін оны көріп сәлемдесу үллкен арман болатын. Бұл жұмыстың соңы, кешке қараған уақыт еді.Оған дайындағын сый-сыбағамызыд көтеріп, жол -жөнекей бір-екі шөлмек арақ алып дегендей, кезекшілер нұссқаған 12-бөлменің есігін ұрдық. Бқл бөлме екінші қаббатта екен.Есікті ашып көрсек бөлме бос тұр, өзі жоқ.Көршілерінен сұрастырсақ аулада жаңа әзірде серуендеп жүрген еді дейді. Біз төмен түсіп Шәмшіні ауладан тауып алыдқ. Бәріміз жамырай сәлемдесіп, қолын алып сілкілеп жатырмыз. Ол жоғарыға өз бөлмесіне бастап жүрді. Екінші қабатқа көтеріліп барып, Аманбекті бұрын Аламты да көргенін есіне алды.Ал біз екеуіміз Шәмшіні алғаш рет көріп тұрмыз. Шәмші Аманбектің өзін ғана емес, оның өлеңдерін, әндерін де ептеп біледі екен. Сол жерде Аманбекте Алмат да жүргенде Шәмшіге барып, біраз әндерін көрсетіп сұхбат құрғанын еске алды. Сонымен Аманбек екеуінің сөзі жарасп әңгімелері қызап шыға келді. Аманбек біздің аты жөнімізді таныстырды. Кейін әкелген ас-ауқатымызды дастарханға жайып, қызмет жасай бастады. Әкелген шөлмектер де ашылды. Шамалы тауық етінен жеп, шайдан бір-екі пиала ішкен Шәкең арақтан тартып алмады, оны біраздан бері қойғанын айтты. Бір кезде домбыраны қолға алып бір-екі әнді бәсең қоңыр дауыспен ыңылдап айтып болып, былай деді: -Ай, жігіттер -ай! Менің демалып жатқанымды біліп келген екенсіңдерғой шамасы, бірақ араларыңа бір келіншекті қосып ала келсеңдер болмас па еді. Менің шабытым көбіне келіншектермен отырғанда келетін әдеті бар еді-деп күлді. Бұл әңгімені Аманбекке қарап айтқан соң ол да бір делеу таба кетті:  -Аға, біздің сізге деген ықыласымз бір бұл емес қой,сібен талай кездесеміз әлі. Сол кезде сіздің өтінішіңізді сөзсіз ескеретін боламыз-деп құтылып кетті...

... олкісі 200 дей ән шығарып Қазақстанға , қала берді  Одаққа танымал сазгер атанған.Оның әндерін жаста, кәрі де, ыңылдап  айтуға құштар еді.Кез-келген той жиын Шәмшінің әндерінісіз өтпейтін.Өзіміз де жас кезімізде Шәмші әндерінен қуаттанып, Шәмші әндерәне ынтық болып өстік қой... Сонымен қызықты да, әсерлі күндізгі кездесу бітіп, Шәкеңді енді арнайы оңаша күтуге алып шықтық. Осы Жабағылы ауылында агроном Абай Сатыбалдин дегдіен жігіт болушы еді. Соның үйіне қой сойдырып, тамақ дайындаттық. Басы бас директорымыз Аманбек болып ол жере 15-16 кісі дастарқан басына жиналдық. Бұл отырыстың бір қызығы былай болды. Ол кезде арақ-шарап ішілетін уақыт.Ішкенде де мол ішіледі.Арамызда бізбен қызметтес болып жүрген  Ынтызар деген келіншек Шәкеінің қасына отыра қалыпты. Кім білсін жоспардың өзі солай болған шығар. Аманбектің баяғы Шәкеңе қарыздар болғаны бар еді ғой. Басқаларымыз арақ ішіп отырмыз. Шәкең арақпен қас екен, татып алмады. Содан ол кісі дастарқанда отырған жігіттерге қарап:

-Ал жігіттер, сіздерге "гарантируюшая закуска" деген болады.Соны мына қасымдағы қарындасқа беруге болады ма?-деп сұрады. Біз шулап:

-Беріңіз,беріңіз,Шәке!-дедік. Сол кезде Шәмші тізерлеп отырып келіншектің басын өзіне қолымен жақындатып алып аузынан сүйіп алғаны бар емес пе! Келіншек қызарақтап, ыңғайсызданып қалды да, былай деді: -Жігіттер, Шәмші аға менің ернімнен сүйді ғой, бұл маған деген құрмет деп түсінемін.Шәмші ағағ сізге рахмет!-деді. Осындай көңілді жағдайда отырып Шәке тағы бір әңгіме бастады: -Бұл келіншектің атын Ынтызар дедіңіздер ме? Ал мен оған "Тымқұштар" дегім келіп отыр-деп күліп, бізге қарады. Сонымен ол келіншектің аты сол кештен бастап "Тымқұштар" болып кетті.

Осы отрысты пайдаланып,меннің Шәкең туралы естіген бір аңызым бар еді. Соның қаншалықты растығын білгім келді. -Шәке,1960 жылдардың ішінде  Қазақстан басшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев сізді қабылдауға шақырып алып, біраз әңгіме айтып, тәрбиеге салып жіберіпті деген сөз естіп едік. Сол жайында айтып берсеңіз қалай болады?-дедім.Шәмші аға оған былай деп жауап берді: -Осы сұрақ әр кез алдымнан шыға береді, енді бәрің де мұқият тыңдап алыңдар, менің осы айтқанымды кейінгі ұрпақтарға жеткізіп  жүресіңдер-деп бәрімізді көзбен шолып шықты.

    Мен өз талантымынң буына масаттанып жүріп, шері де, сері де болдым.Менің әрбір шыққан әндері тек Қазақстанға емес Кеңестер одағы аумағында шырқалып, халқ жүрегінен орын алып жатыт. халықтан көп қолпаштау, мақтау сөздересіткеніммен, сол кездегі Үкімет тарапынан менің осы талантымды ескеріп марапаттау көрмедім, атақ алмадым. Түкке тұрмайтын әнші де,сазгер де,әртіс те болмашы дүниесі үшіннебір атақтарды алыпмарапатталып жатты. Ал мен дегенде, олар үнемі үнсіз қалатын.Осы жағы маған қатты әсер етіп, мен ішкілікке үйір болдым, тіпті салынып кеттім десемде болады. Содан ән шығару сиерді, оған да бап керек екен.  Менің әндерім дүрілдеп шырқалып жатса да,өзім ұмытылуға айналдым.

   Содан 1966  жылдары  Д.А.Қонаев  Индияға ресіми сапрға барған да Қазақстан басшысына Үнді елінің адамдары қазақтың ән-күйлерін тыңдап жүріп, Шәмшінің "Менің Қазақстаным" деген әнін радиодан айтқызыпты.Әнді тыңдап отырған Қонаев "Япрмай, мына ән бір керемет екен ғой, мұны кім шығарған екен"-деп таңданыс білдіреді де, қасындағы көмекшісі Бекежановқа анықтауды тапсырады.Бекежанов бұл ән туралы да, сазгер туралы да біледі екен: -Димаш Ахметұлы, бұл ән Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" деген әні ғой-дейді. -Олай болса, елге барған соң сол сазгерді маған ертіп келерсің-деп тапсырма береді.

  Қазақстанға келген соң   БекежановШәмшіні іздестіре бастайды.Оны көрдім,білдім деген адам жоқ.Ол кезде шәкең ішкілікке әбден салынып, қайда жүріп, қайда тұрғанын ешкім білмейді.Арада бірнеше ай өткенде Алматы қаласының шет жағындағы шағын үйде Шәмші арақ ішкен күйде келіп түнейді.Ол кезде үйінде өзінен басқа ешкім тұрмайды екен.Бір үйде бір өзі жасаған ғой.Таңғы сағат 6-7 лер шамасы шырт  ұйқы да жатқан Шәмшіні айғайлаған бір дауыс оятады. Есік-терезелер қағылып, айғай-шу үдей бастаған соң Шәкең жалаңаш-тәлпіректеп, есік алдына шығады да, сырттағы мазасын алып тұрған адамдарды былағаттап сөге бастайды. 

    Сөйтсе ол кімі белгілі сазгер Нұрғиса Тілендев екен.Шәмшіні іздеп табуды Бекежанов осыған тапсырса керек.Ескі досы Нұрғисаны Шәкең үйіне кіргізіп, жөн сұрайды.Нұрғиса Шәке оны Қонаевтың  тапсрмасы бойынша іздеп келгенін айтып:

-Тез жуын,киін.Қазір екеуіміз Қонаевтың алдына баруымыз керек-дейді.

-Менің басым аурып тұр,Нұреке. Бірер жүз  грамм ішіп алмасам шамам жоқ-дедім  

   Амал жоқ, Тілендев бас жазу үшін арақ тауып, бір стақан ішкен соң көзім ашылып, көңілденіп кеттім.Дегенмен бір сөткедей ваннаға түсіп, астында жатпасам, өз-өзіме келер түрім жоқ екенін сезіп тұрдым.Денемнің бәрі спирттеліп қалған сияқты, оның иісін айтсайшы.Сонымен осы жөнінде Нұрекеңе айтып едім, ол келісіп, ертеңіне сағат сегізде келетін болып уағдаластық.

    Мен тазадану жағымен әуре болыпүйде қала бердім.Уәде бойынша Нұрғиса сағат сегізде келіп, мені өз үйіне ертіп ала барады. Себебі ыстық сорпа ішпесем болмас екен.Оның үйіне келсек  дастарқан басында 4-5 адам шүйіпкелесіп отыр. Үстелдің үсті әр түрлі тағамдарағ толы, ішкіліктің де түр-түрі бар.Ауқатты жасайтыны көрініп тұр. Ал маған ыстық сорпадан басқасы бұйырмасы анық еді, себебі бүгін патшаға баратын күніміз екен. Дастарқан басында отырғандар біздің Қонаевқа баратынымызды естіп,бізге ақ жол тілеп бізге тост көтеріп жатты. Мен біркесе орпаны терлеп-тепшіп әзер ішіп отырмын.Көзіме дастарқанда,ы ішімдіктер тым ыстық көрініп, ұрланып қарап қоямын. Әттең патшаға бармай-ақ бір -екі стақанды тартып-тартып жіберер ме еді деп діңкәм құрып тұр.

   Осыны сезген Нұрғиса мені жетелеп алып өз жұмыс бөлмесіне бастап алып кетті. Сол жерде  Орталық комитетпен хабарласып еді, Қонаев бізді сағат үште қабылдайтын болып келісті.Осы сағат 3  дегеннің өзі маған үш жылдай сезілетін  шығар. Сонымен Нұрғиса екеуіміз Қонаевтың қабылдау бөлмесінің алдындағы хатшы қызыдың қарсысындағы орындыққа келіп отырдық. Бір кезде Бекежанов қабылдау бөлмесіне кіріп шықты да,бізге "кірулеріңізге болады" -деді. Ал, енді патша мені арнайы шақырған соң, есікті өзім бастап ашуым керек екен, бірақ есігі тым үлкен, тұтқасы да биітеу екен. Менің соған жармасып ашуға шамам келмей тұр. Осы кезде Нұрғиса көмекке келіп, екеулеп жүріп есікті де аштық. Бірінші есіктен өтіп екі метрдей жүрген соң, жабық тұрған екінші есікке тап болдық. Оны да ашамыз деп әуреленіп тұрған да  бізідің тықырымызды  есіткен болар   іштен есікті ашып Қонаевтың өзі шықыт да бізід ішке кіргізіп алып, қол беріп амандасты.

  Ол кісі жұмыс столына барып жайғасып болған соң Қонаев ссөзін былай бастады:                                         

-Шәмші,сенің өнерің алға бассын, еңбегің жансын. Қайсы облыстансың?-деді       

Менен бұрын Нұрғиса жылдамдық  танытып жауап бере бастады.

-Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысы,Шәуілдір ауданынан, руы Жағалбайлы.Ал мен Шапраштымын -деді.

Осы кезде Қонаев сәл-кем тұнжырап отырып Нұрғисаның сөзіне риза болмағанын танытып:

 -Сендер қай жерден болсаңдар да, адам болып қазақ өнерін биікке шығарсаңдар болғаны ғой, мен үшін бәріңде бірдейсіңдер, бәріңде қазақсыңдар ғой-деп салды.

-Шәмші , сенің үйің Алматының шетіне таман шығар деймін-деп маған қарады.

-Иә аға, мен қаланың шетінде тұрамын-дедім.

-Сенің қаланың орталығында болған дұрыс қой деймін-деп ол маған сынай қарады. Мен үндемей отыра бердім.

-Шәмші, өз басыңнан маған айтар өтініштерің бар-деді тағы да.

-Ешқандай өтінішім жоқ-деп жауап бердім.

-Шәмші, саған нендей жәрдем керек-деп тағы сұрады.

-Тағы да тым-тырыс үнсіздік орнады. Беретін нәрсесін сұрай бермей-ақ, бере-берсе қайтер екен деп мен отырмын.

-Ал Шәмші, сау бол, өтінішің болса қысылма, маған айта беруіңе болады-деп Қонаевта қабылдау аяқталғанын білдірді.

-Сізге ырзамын, менімен сөйлесіп, қабылдауыңызға алып, жүздестіңіз. Сізде сау болыңыз-дедім.

  Осы кезде Нұрғиса Ануар Әлімжановтың бір кітабын  патшаға сый етіп ұсынды.Патша кітаптың қақ ортасын ашты да, "мен кітапты алдым,рахмет!"-деп Нұрғисаға кітапты қайтып берді. Қонаев бізді есікке дейін шығарып салып, есікті өзі ашып қоштасып қала берді. Бізді қабылдау мерзімі 25 минутқа созылған екен. Кейін есіткеніміздей, патша бізге көп уақытын бөліпті. Әйтпесе қабылдауға келген кісілерді 10-15 минуттан артық ұстамау ол кісінің әдеті екен.

  Мен туралы жазушылар,сазгерлер,әртістер, ақындар сияқты өнер адамдары сөз етіп жүрсе керек. "Шәкең үлкен бір атақ сұрады-ау немесе марапаттау дәметті ғой"-деп.Ал менің ештеңе сұрамағаным анық.

  Бір-ақ бір айдай уақыт өткен соң, мәдениет министірлігінен хат келді,Шәмші Қалдаяқовқа қаланың ортасынан үш бөлмелі үй бөлінді деген.Соған да шүкіршілік етіп жайғасып алдым. Бұл да Қонаевтың шапағатынаың арқасында қол жеткен үйім еді. Кейбір дастарқандас достарым  әлі де әзілдеп жүреді: "Шәмші Қонаевтан бір-ақ нәрсені өтініш етіпті"- деп. Ол  осы қаладағы Жетісу аяқ киім фабрика  басшыларына айтыңызшы, бәтенкені бау байлмай-ақ,әшейін сүйретіп  кие беретін қылып шығарысн.Әйтпесе мас адамдар бәтенкенің бауын байлаймын деп, маңдайын жерге соғып жарып алып жүр деппін-деп Шәкең күліп алды да, өзінің естелігін аяқтады.

   Иә сол 1991 жылдың тамыз айы біз үшін есте қаларлықтай болды. Ал, Шәмші Қалдаяқов  үшін  не бәрі бір жылындай қалғанын  ол кезде ешкім білген жоқ. Асыл адам өзінің кішіпейілдігімен, балаға ұқсас мінезімен   бізбен бірге мәз-мейрам болып жүріп, үш күн уақытын өткізді.

   Қайтарда Жабағылыдан Аманбек екеуіміз  6 км дей үлкен жолға шығарып салу үшін бірге ілесіп жүрдік.Шәкең өзін шығарып салып тұрғанда бізге қарап:

-Менің асыл жігіттерім, менің өмірім  санаулы-ақ қалды-ау деймін, себебі денемдегі түрлі кеселдер  қозып, мазамды ала бастады. Енді сендермен  кездесе аламын ба, жоқ па.Құдай біледі. Қош аман болыңдар-деп "Жигули" автокөлігіне отырып, өзі туып өскен Шәуілдіріне қарай жүріп кетті.