Шәкәрім Құдайбердіұлы: "Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды"

1)Бұрын шын бар бүгін шын,
Ертең шын бар үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.

2)Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді.

3)Жанның да әлдісі бар, әлсізі бар.

4)Дүние қу — бір ағын су.

5) Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенін біле бер...

6) Білім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.

7) Шенеунік ісін қылмаңыз - әділет жолын таңдаңыз.

8) Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.

9) Билік айтсаң - түзу кес, адалын айт.
Тиянақ көрме жалғанды.

10) Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.

11) Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.

12) Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.

13) Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.
Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.

14) Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам болады.

15) Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.

16) Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.

17) Жұртым-ау, құдайыңды ойлаймысың?!

18) Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.

19) Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.

20) Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам.

21) Әркім өзінің еккенін орады.

22) Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

23) Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.



Бөлісу: