Шахмат

Шахмат
жеке
блог

    2022 жыл 24 ақпан. Екі ойыншы шахмат ойынын бастады.

    Алғашқы ойыншы шахмат ойынын жаңғақтай шағады. Бұл ойыншының мақсаты қандай жолмен болсын бәсті жеңіп шығу. Бұл жолда ешқандай кедергіге қарайын деп тұрған жоқ. Патшаны құлатып, бәсті өзіме алсам деген асқақ ой көкейіңде сайрап тұр. Тіпті пешкаларды құрбан етуге де дайын. Екінші ойыншы ойынға аса құлшыныспен келе қоймады. Алайда ол мінезді ойыншылардың қатарынан болатын және бәсті күреспей бере салатын ойы жоқ. Бұл ойыншының мақсаты- ойынды тоқтату арқылы екінші ойыншымен өзара келісіп, бәсті сақтап қалу. Себебі, бұл ойынның соңы 16 тастың құрбан болуымен аяқталуы мүмкін еді.

   Ойын басы бірінші ойыншының шабуылымен басталды. Шешінген судан тайынбас деген ұранмен қарсыластың да, өзінің де пешкаларын құрбан етуде. Ең қызығы – бәстің құндылығы жоғары, яки бағалы болғандықтан бұл ойын әлі күнге дейін жалғасуда. Өліспей беріспеуге бекінген екі ойыншы күн демей, түн демей ойын тағдырын сарапқа салуда. Алғашқы жүрістер жасалғанда, бірінші ойыншы ә дегеннен жеңіске жететінін айтып мақтанған еді. Бәрі біз ойлағандай бола бермейтіні секілді, міне, бүгін  12 наурыз ,16 күн уақыт өтті.  Тіпті егер сізде жеңімпаз позиция болса да, әліптің артын бағу керек. Бұл шахматтың бір заңдылығы. Кімнің жеңіске жетері дәл осы сәтке дейін түсініксіз күйде. Бірінші ойыншының әр шабуылына екінші ойыншы тегеурінді қарсылық көрсетуде. Бірінші ойыншының пілмен бір шабуылдап, атпен бір шабуылдап, тіпті уәзірмен шыққан шабуылдары жеңістің иісін әлі сезіндері алмады. Тек қана ойыннан ысырылып жатқан пешкалар...

    Өз патшаңды қорғау үшін өзге шахмат фигураларын оңды-солды елемеу қаншалықты дұрыс? Шахматтағы ең басты қағидалардың бірі –  қалай жүріс жасайтының емес, қандай жүріс жасайтының маңызды.  Астарын саралай отырып әрекет ету – есті адамның ісі болары анық.  Мінездің әлсіздігі әдетте шахмат ойыны кезінде көрінеді. Дәл осылай бірінші ойыншы ойлаған болса керек, алайда екінші ойыншы мінездің ерекше үлгісін паш етуде.

       Бір айта кететін дүние: ойын сыртынан үшінші бір адам бақылап отыр. Бұл жан бірінші ойыншының досы. Алайда, бір қызығы ішінен екінші ойыншының жеңіске жеткенін тілейді. Неге? Өз досының жеңіске жету жолындағы әрекеттері көрген жанға үрей сыйлайды. Бұл ойынның жеңімпазы бірінші ойыншы атанса, келесі қарсылас өзі болуы әбден мүмкін.  Бәстің биіктігі достыққа сызат түсіретіндей.

     Ойынның қалай аяқталары маған да беймәлім. Белгісіз. Қорқынышты...

                                                                                       Біржан Ролан

                                                                                       12.03.2022ж