Зымырап жатқан уақытты тоқтатар шамаң бар ма?! Әрине, жоқ... Бұған сенің өтіп жатқан өмірің дәлел. Қарашы, көзді ашып-жұмғанша оқу жылының жартысы да өтіп кетті. Жоқ, жақындап қалды дегенім дұрыс шығар. Айтқым келіп отырғаны сол баяғы сессия ғой. Кейбіреуіне алғашқы болса, енді біріне үйреншікті оқиға. Қалай десек те, сессия біліміңді тексеретін сәт. Жақындаған сайын бірі қорқады, қиналады, екінші біреулері қуанып, демалысты күтеді. Әркімнің ойы әр қилы. Не де болса, барлық студенттер қауымына сәттілік тілеймін! Сессиядан сүрінбей өтіп кетейік!
Бірінші курс студенттерінің бойында қорқыныш пен үрей бары анық. Оның бәрін жеңе білу керек. Қалай дейсіз ғой?! Жәй ғана менің өлеңімді оқысаңыз болғаны. Қалжың әрине) Дегенмен де, бұл сіздер үшін жазылған, оқып шығып, бағасын берерсіздер. (пародияны жақсы көремін)
Пародия
(М.Мақатаев "Махаббат" өлеңіне)
Менің бір қарызым бар өтелмеген,
Сессия-ау,
Сессиядан өтер ме екем?!
Студенттер жас ғұмырды бірге өткізген
Бірақта, сессияда бөтен, бөтен...
Болған соң жағымсыздау, суық аты
Сессия, кім біледі, жуықтады.
Қиялдап, жоқты іздеп жүргенімде
Мінеки, жыл ортасы келіп қалды.
Бәрі де сессияға бұрылмаған,
Лапылдап, кімдер неге ұрынбаған?!
...Жә, менің сессиям өтіп кетер,
Деген ойлар, әркімде туындаған.
Сессия бақыт емес қонатұғын,
Түлкі емес, ойды-қырдан шолатұғын.
Сессия-кездесетін керемет бір,
Студенттің ғана басында болатұғын.
Келе жатыр, көремін, көп терлермін.
Жә, менің сессиям әлі келген жоқ,
Жә, менің сессиям әлі өткен жоқ!
Ал, кітап құшақтаумен өтетін ұйқысыз түндер кезеңі ашық!