Сенің адалдығың туралы айтарым бар!

Сенің адалдығың туралы айтарым бар!
жеке
блог

       Адам бұл өмірін де нені көп қалайды? Несімен мақтанады? Әрине, сынбас бедер-беделімен, салтанатты киім-келбетімен, өз тасының өрге домалауын ғана күйттеген құбылымпаз бейнесімен мақтанады. Ал, менің сұрағым: менің ештеңем жоқ, бірақ мен адал едім—деп кім мақтанған? Бота тірсек болып жүрсе де ешкім былай демес еді, деседе күлкілі. Иә, сенің жетістігің мақтануға тұрарлық, бірақ ешқашан адалдығың мен жетістігіңді салыстырма және адал адам жетісгімен мақтанбайды да. Шаңның түйіріндей мақтанышың, шоқпар бастай кінәрат барын мегзеуі.

      Ертеде бір елдің патшасы халқының ертеңіне алаңдап, сол ойымен сынақ жүргізеді. Барша сарай іші-сырты балаларын жинап талап қояды :“ мен сендерге мына ұрықты берейін, сендер оны егіп ең әдемі гүл етіп өсіресіңдер және ең әдемі гүл өсірген бала сарай мұрагері болады"—дейді. Балалар барын салып өсіруге тырысады алайда білмегендері патша бергені қуырылған бұршақ ұрығы еді. Ебін тауып екі асайтын сәт екен деп шықпаған гүл орнына небір түрлі көз жанарын алатын гүлдерін әкеледі. Ал, еңбек, мақтаныш,жетістік бар да адалдық қайда? Ойлаңызшы, егер бір адам өз тасының өрге домалауын ғана күйттеуімен жеткен жетістігі болса, ол адам зұлымдықпен, қорқынышты түстерімен, жұмысына ебедейсіздікпен күні- түнін өткізбек. Бұл—жетістігімен өзі ғана өмір сүруішілік. Бұдан адалдығымен сүрген қарапайым өмірің еш жетістіксіз-ақ жәннат-пейішке пара-пар.

     Достар, сіздер алға басқанды ұнатасыздар білем, және одан да маңыздыр-ақ көретіндеріңіз жетістіктеріңіздің көп-азы. Бірақ, менің айтарым адалдық бір адам бойындағы моральдық тазалығы, ол әрқашан таразы басында әрі қымбат, әрі сапалы болып тұрмақ. Нағыз жетістікті жаратушы—адал адам. Керісінше айтқан да адалдық жетістігіңді жаратады. Сіз бен біз боп адалдық пен жетістік аспанын да самғайық.Есіңіз де болсын: адалдығыңның талмайтын қанат бар, жетістігің аспан тәрізді арманың, адалдығыңнан айырылсаң қанатыңнан айырылғаның, онда арманыңнан да айырылғаның.