Сенімсіздіктен құтылудың 5 нақты жолы!

  "Бақыт феноменін" зерттеген ғалымдар адамның  өзінің сенімділігін және бақыттылығын оның өміріндегі сонғы мәселелердің 40% әсер етеді екен. Негізі осы мәселе сізде неліктен туғанын білетін сияқтымын. Ата-анаңыз сізге туылғаннан ең адемі, ең ерекше екеніңізді айтпады, сіздің замандастарыңыз сізден әлде қайда табысты,қыздар сіздің сезіміңізді қабылдай бермейді, немесе әлі білдіре алмай жүрсіз. Ойыңызға неше түрлі идеялар келеді, бірақ, ол нәрселерді сізден бұрын бастап қойған, және сіз олармен бәсекелістікке түсе алмайсыз. Дөп түсіп айтпасамда, бұл мәселелер әр адамның бойында мекендеп өз түпкіл шешімін таппай жүр.

 Менің бір құрбым болған. Өзі сабақты жақсы оқиды, сөйлеген сөзі салмақты, өте сыпайы және сабырлы. Бірақ, жаңа таныстардың алдында немесе өзі жайлы айтқанда  абдырап қалатын. Көпшілік орында өзін жайсыз сезініп, өз ойын білдіре алмайтын. Арада 3 жылдай өтіп мен онымен семинарлардың бірінде кездесіп қалдым. Бұрынғы ұялшақ, абдырап қалатын құрбым жоқ. Кезінде оған көп кеңес бергенмін, соны жазып қана қоятын, жылдар өте соны қолданып, қоғамда белді орын ала біліпті.

  Мен сізге бүгін бұл мәселенің түбегейлі шешімін бермекпін. Өзіңізге керекті жерлерін түртіп жазып алыңыз.

1.Қандай мәселе болмасын, өзіңіздің ойыңызды нақты жеткізе біліңіз. Сізге сөз бере аламын, дәл сіздің ойыңыздай дара және ерекше ой пікір жоқ. Оны дұрыс жеткізу сіздің қолыңызда. Мейлі, басқалар оны қате деп тапсын, бірақ өз ойы бар адам ғана, және оны жеткізе білген, болашақ тұлға.

2.Әр нәрседе істі бірінші орынға қойыңыз. Ойыңызға бір идея келді ме, оны істемеудің амалын іздеп, өзіңізге бәсеке тапқанша. Оған жетудің тез амалын ойлаңыз, іздеңіз. Бірінші жол болмады ма, басқа жолға көшіңіз, бастысы тоқтап қалмаңыз "Тәуекел түбі жел аяқ, мінесің де кетесің"

3.Алла бәрін бірдей жаратады. Яғни, сен байсың, кедейсің, немесе ұсқынсызсың сұлусың деп жаратқан емес. Түр әлпетіңіз өзіңізге ұнамаса, ол комплекс көп жанда бар. Пышақтың астына түсіп, дабыл қағудың немесе, өзіңізге түңіліп кетудің қажеті жоқ. Білім. Білім және өзіңізді рухани жоғары шыңға жетелеу. Сансыз кітап оқып. Тоқтамай жанғырыңыз. Сол кезде жаксы мен жаманның ала жібін ажыратып, өзіңіздің біліміңіз сізді өзі ақ көтереді.

4.Өзіңізді басқалармен салыстыруды қойыңыз. Сіз басқасыз, сіздің әлеміңіз басқа. Өмірге сіз өз миссияңызбен келдіңіз.Уақытыңызды сол нәрсеге арнаңыз. Ерекше екеніңізді түбегейлі сезінбейінше, өміріңіз өз қолыңызда болмайды.

5. Қорықпаңыз. Ешқашан қорықпаңыз. Сіз қандай жол таңдасаңыз да, ол жол дұрыс не бұрыс болуы сіздің өзіңізге байланысты. Сөздік қордан "болмайды" "мүмкін емес" "қолымнан келмейді" "бірақ" "оны басқа біреу бастап қойған, маған кеш" "ол мені ұнатпайды" деген сияқты негативті сөздерден айырылыңыз .

  Қорытындылай келе, сіз және тек сіз, өзіңізге сенімділік пен жігерді оята алатын. Кезінде бұл мәселені шешу үшін бәлкім ондаған кітап оқыдыңыз,көмегі болар емес. Бірақ бастысын ұғыныңыз,әлемнің барлық құпиясы бірінші адам миында екінші кітапта. Мен сізге екі жақты да қарастыруды талап етемін!



Бөлісу: