Сайлаубек бізге не береді?
блог
Осы жылдың басында көпшілікке әлеуметтік желі, WhatsApp арқылы таныла бастаған видеода көзі ісіп, араққа сылқия тойған Атыраулық жігіт Сайлаубектің түсініксіз тілде өлең айтқаны Қазақ еліне ғана емес өзгеде алыс-жақын шетелдерге танылып үлгерді. Сол видеода Тунтунтш!!! Ки менама бәк, Ки миними бет тма, Камана бек тма, Тамана бек тимена -деп өлең айтқан жігіт бүгінде Ел танитын жұлдыз боп қалған жәйі бар. Сайлаубектің өлеңін еліміздің кей өнер жұлдыздары, көптеген адамдарда қосылып айтып, мәре-сәре боп өз арасында Сайлаубекке cover жасап жүрген жайы бар. Еліміздегі БАҚ-та, мемлекеттік телеарналардың тілшілеріде Сайлаубектен сұхбат алуға асығып, оны талант иесі деп мақтапта даттапта жаза бастады. Еліміздегі көптеген ток-шоулар, ТМД кеңістігіне танымал "Пусть говорять" бағдарламасынада қонақ болуы, танымал рэпер Тиматидіңде оны батлға шақыруы Сайлаубекті одан сайын көпке танытты. Былайша айтқанда Сайлаубектің танымал болуына тегін пиар, жарнама жасалғандай болды. Бір емес бірнеше Продюсерменде жұмыс жасады. Сол аралықта клип түсіріп өзінің жаңа шығармашылығын жандандыра бастады. Барлық өнер жұлдыздары секілді Сайлаубекте тойға шығып өлең айта бастады. Қаламақысыда тәуір. Ол аздай өзінің талап-тілектеріде баршылық. Бұдан әрі тізбектей берудің қажеті болмас. Мүмкін мені Сайлаубекті мақтап, жерлесі болғасын көкке көтеріп жатыр деп ойлар, бірақ бұл жазбам әсте олай емес. Тақырыпта жазылғандай Сайлаубек бізге не береді? Мүмкін мұның бәрі Сайлаубекке атақ-даңқ, оның продюсерлеріне Сайлаубеккеде мол байлық алып келер, бірақ Қазақ елі үшін мұның бәрі Әйгілі Голливудтық актер түсірген Боратты еске салады. Онсызда Борат деген аттан арыла алмай жүрген Қазақстан үшін бұл жығылғанға жұдырық болары анық. Шет ел асып, Европа, одан қалды Батыс елдері бізді әлі Бораттың елі деп танитыны белгілі. (Галатасарай мен Астана матчы алдындағыПодолскийдің сөзі естеріңізде болар) Бұның бәрі біздің елге кері әсерін тигізері ақиқат. Мс талантты емес Боратты өз қолымызбен жасап жүргенімізді ұмытпайық.