Сайлау һәм Қайрат пен Жанар!
блог
НұрОтанның кезектен тыс ХVII-ші съезі өткеннен бері Сайлауға деген дайындық емес, Қайрат депутат болама, Жанар депутат болама деген әңгіменің төркіні тарағаннан бері Ел аузынан түспейтін қос әнші одан әрі ел ішіндегі пыш-пыш әңгіменің басты рөлін сомдап келеді. Расыменде НұрОтан партиясы қос әншіге депутаттық мандат береме? Әлде бұл сайлау алдындағы саясатпа ол жағы беймәлім. Мәлімі тек қос әншінің депутат болуға деген талпынысының құштарлығы. Қайрат Нұртас ел аузында көп айтылып жүрген әнші болсада, Сайлау басталмастан бірер жыл бұрында болашақта Депутат болам деген арманы бар екенінде ашық айтып жүргенді.
Мәжіліс қалаулыларының Парламент үйінеде шақыртылғаны есімізде. Ел ішіне ғана емес Азия жұртшылығынада танымал әнші 10 жылдық есеп беру концертін өткізгеннен бері ел ішіндегі танымалдығы ғана емес Таяу шетелге, Қазақ эстрадасы үшін алынбас қамалға айналып жүрген Ресей шоу бизнесінеде танылып, танымалдығы одан әрі артып келеді. Елімізде бұрын соңды болмаған Шоу жасап көптеген өнер жұлдыздарын өзіне тәнті етті. Жаза берсең жарты том кітап болатын танымал тұлға жайлы бұдан ары жазудың қажеті болмас. Болатыны тек Қайрат депутат болса Мамасында Мәжіліске ертіп келеме екен?- деген мазақ сөздің, келемеж демотиваторлардың көптеп әлеуметтік желілерде таралуы.
Ал Жанар ше ол не бітірді? Тұңғыш рет Тurkvision байқауына қатысып өзінің авторлық «Ізін көрем» әнімен байқаудан бас жүлдені жеңіп алғаннан бері одан әрі ел аузына ілігіп атағы артпаса кем болмады. Түркі әлеміне Қазақ эстрадасын жаңа қырынан танытты. Осы аралықта «Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері» атағын алып үлгерді.
Жанардың әншілігінен бөлек ақындығы, сазгерлігі барын ескерсек бұл оның еңбекқор екенін жазбасада белгілі жайт. Алғаш рет көпшілікке Кешью тобының құрамындағы әнші ретінде танымал болса, кейін Кешьюдан кетіп жеке орындаушы ретіндеде тындарманның ыстық ықыласына бөленді. Ал өзін жамандап, артынан әңгіме айтқандарға «Айта берсін»-деп өзінің авторлық әнін жазыпта жұртты бір таңқалдырды. Жанар депутат болатындай не тырды?-деп кейін сол пікірін өзгертіп сұхбат берген Баян Есентаева ханымда Жанарды қолдайтынын ымдап болсада түсіндірді.
Өздерінің адал еңбек, маңдай терімен жеткен биігінен, одан ары өрлеуіне өсуіне, танымал болуға оларда құқылы. Тек қана Қазақ тілінде ән шырқап, Қазақ тілін қолдап жүретін Қайраттың еңбегін мақтауға әбден болады. Анасын жоғары қойып, Алладан кейін анасын аузынан тастамай ақ сүтін ақтауға тырысып, әр сөзін жерге тастамайтын,( анасын сыйламайтын мына қоғамда, анасының қас қабағына қарап жүретін, оны әрқашан мақтан ететін) Қайрат көпке үлгі етер нағыз тұлға.
Қорытындылай келе олар депутат болардай не тындырды? Әлі жас, депутат болуға лайық емес десекте, «Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу » деген, олардың Жаста болса көп жерде бас болып еңбекқорлығының арқасында өзге әріптестерінен ғана емес көптен озық тұрғанын ескерсек. Мандат алуға олардыңда хақы бар. Қос әншіде ел үшін еңбек етіп елімізді халықаралық аренаға танымал етіп келе жатырған тұлғалардың қатарына қосуға болады.
Біз Қазақ біреудің көтерілгенін көрсек күндеп, күстаналап, жерден алып-жерге салып жамандаудан басқа білеріміз жоқ. Үш қазанға қамалған үш ұлт деген мысалды білсеңіздер, ашық тұрған қазаннан бір-біріміздің аяғымыздан тартып сол қазаннан әлі шыға алмай жүрген жайымыз бар. Қазаншының өзі еркі екенін еске түсіріп қос әншіні жамандамай оларды қолдап Бас партияға дауыс беруге шақырамын!!!