САТИРА САҢЛАҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТі

САТИРА САҢЛАҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТі
жеке
блог

Сайыпқыран сықақшының құрметіне арналған мерекелік шараға қаламыздың құрметті азаматтары, сатирикті ң туыстары, ұстаздар қауымы, қалалық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының мүшелері қатысты. Бұдан бөлек, сатира сардарының көзін көрген ел ағалары келіп, жазушының басынан өткен қызықты оқиғаларын келген қонақтармен бөлісті.
Арыс қалалық орталық кітапхана мамандары сатира сардары туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Сатира жанрының жүйрігі саналатын Садықбек Адамбеков 1922 жылы 15 қарашада ОҚО Арыс ауданы, Қараспан ауылында туған. 1945-1968 жылдары жазушы қаламын «Оңтүстік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде және қазіргі «Жұлдыз» «Ара-Шмель» журналында қызмет атқара жүріп ұштайды. Қазақ сатирасы саласында өзіндік орны бөлек ысқақшы «Қожанасыр қақпасы», «Көсенің көзі», «Аюбайдың ажалы» сияқты сықақ жинақтарын жазды. Әдебиетімізге тұңғыш рет «Атылған қыз» атты роман-сатира әкелді. Жекелеген шығармалары шет тілдеріне аударылған. 1982 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрді.
Аталмыш шара аясында келген көрермендерге сатира шеберінің «Алтын табақтағы жылан» және «Аюбайдың ажалы» сатиралық қойылымы мен «Желтоқсандағы қара түн» қойылымдары ұсынылды.
Көрме барысында сөз сөйлеген сатирик жазушының туыстары келген көрермендерге естеліктерімен бөлісті.
Осылайша келген қонақтар ақын, драматург, жазушы, сатириктің ғұмырымен танысып, өмір жолынан мол ғибратты ойларды түйіндеп шықты.