саған айтарым....

саған айтарым....
жеке
блог

Есіңізде болсын, жер бетінде әрдайым сенің жаныңда болатын адам - ол тек өзің. Өзіңе жақсы дос бола біл. Өзіңе жақсы дос болудың жақсы тәсілі - жай ғана жақсы адам болу. Мен кіммін? Мен өзіме бұл сұрақты жиі қоямын. Күн сайын өзім туралы жаңа нәрсе білгім келеді. Біз дамып, тәуекелге бел буып, өзгере аламыз. Біз күнде өзімізді әртүрлі қырынан танып көреміз. Кеше жыласам, бүгін музыкаға билеп, өмірден ләззат аламын. Эмоциялар - бізбен ойнайтын қиын нәрсе, бірақ біз жоспар қойып, жеңіске жетуіміз қажет. Әрине, бәрі жоспар бойынша жүрмейді, бірақ бұл уақытша қиындықтар, біз міндетті түрде жеңеміз, тек өзіңізді тыңдауың қажет. Мүмкін біз бұл өмірде әлі көп нәрсені түсінбейтін шығармыз, бірақ бастысы - біз жай ғана өмір сүріп жатырған және өмірін жақсы болатынын қалайтын жандармыз. ...Бәрі біздің қолымызда.