Рамазан айының қазіргі бейнесі
блог
Барша әлемді жаратқан құдыреті күшті Аллаға сан мын мадақ!Барша мұсылманның елшісі болған сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қияметке дейін ізгілікте ерген әрбір момын мұсылманға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемдері болғай.
Рахманның рахымымен 2021 жылдың Рамазан айына жеттік.Барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын мүбарак ай нұрланып күндері келгелі бері талай жұрттан ораза ұстап жатқанын естіп жатырмыз.Барлық айлардың сұлтаны болған бұл айдың маңыздылығы мен ерекшелігін білмейтін пенде кемде кем.Әйткенмен,көкейде тұрар бір сұрақ,көзде қалған бір бейне қынжылтады.Көкейдегі сұрақ: біздің қасиетті мүбарак айымыз лайықты деңгейде өтіліп жүрме?
«Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді-кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады»,- деді. Иә, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмау үшін мүмін барын салады. Төзімділік пен сабырдың айы саналған Рамазан айында кімде болсын өзін жақсы жаққа өзгертіп,айналаға шуақ шашып,көмектесуге ұмтылатыны қалыпты.Дегенмен,расыменде қасиетті айдың мән-мағынасын түсініп,лайықты түрде қарсы алатындар саны санаулық. Исламның бес парызының бірі Рамазан айында ораза ұстау. Сондықтан да дінімізде оған ерекше мән беріледі. Себебі, ол сенімнің бір бөлігін құрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ораза – шыдамның жартысы, ал шыдам - сенімнің жартысы»-деген. Оразаны басқа ешқандай құлшылықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, Алла Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Адамның барлық жақсы, хайырлы істерін Алла он есе, тіпті одан да жоғары бағалайды. Бірақ ораза не үшін тұтылған болса, сол үшін сауабын, сыйын молынан беремін»-деп айтқаны белгілі. Сауабы мол оразаны тұтатындар саны елімізде шүкірөте мол.Бірақ,оразаның әдебін толық білетіндер саны тағы да санаулық.Дәл,осы мәселе қарынды аштырады.
Қаншама адамның қасиетті айды құрметтеп,ораза ұстап жатқанын естіп езуімізді жиып,марқаямыз.Бірақ осы қасиетті айдың мән-мағынасымен қоса әдебінде сақтаған дұрыс.Қазіргі ораза ұстап жүрген жақсы жандардың оразаларын көрудеміз, түнде сәресін ішіп,ауыз ашарға дейін тамақ жемей дегенімен бұрынғы әдеттерін әлі жалғастырып,боқауыз сөздерін айтуды,қысқа киюде,бос үйде жатуды жалғастырып жатқан жандар өте көп.Оразасын ұстап алып, түс ауғанша ұйықтайтын я болмаса оразалы бола тұра айқай-шудан алыстамай,көрші-қолаңмен дауласып жүрген мүминдер көп. Күні – түні фильмдер көріп,әрі-бері кеткенмен ыржынын тия алмаған адамдарда көп.Оразаны бұлай ұстау қателік!
Рамазан – сынақ айы. Адам баласы бұл айда өз нәпсісін тыйып, жаман нәрседен, яғни ғайбат сөйлеуден, ауыр күнә жасаудан, жала жабудан аулақ болып, жақсы нәрселерге, яғни өзін сабырлыққа, шыдамдылыққа, тақуалыққа тәрбиелеуі керек.Бұл ай өзге айлар сияқты қарапайым ай емес.Осының төркінін түсінер пенде болса.Рамазан айы адамдардың жаңғыру айы,бұл айда адамдар бұрынғы жаман әдеттерін тастауы керек,түнде ораза ұстап,күні бойы Алла тиым еткен дүниелерді жасау мүминге лайықты әрекет емес.Адамдар Рамазан айында тек аш жүру жеткіліксіз екенін ұғына білуі керек.Адам тамақтан тыйылғанымен өзгелеріненде тыйылмаса мүбарак айдың несі мүбарак? Аш жүруге кез-келген айды алуға келеді,бірақ Рамазанды емес.Бұл айда ораза тұтқан Алланың пендесі сәресін ішкеннен кейін ұйықтап ертерек тұрып,сырттың әрі іштің шаруаларын жасап,өзінеде өзгелергеде өз көмегін тигізіп,Рахимнің қасиетті кітабы- құранды оқып,сүрелер жаттап,хадистер оқып,жаттап,санаға түйетін ай.Бұл ай ұйықтайтын емес,түнімен құлшылық жасап,Алладан рақым мен мейірім сұрайтын ай!Бұл ай күні бойы кино көретін емес,Алланың тура жолын насихаттайтын уағыздар көріп,тәлімді тәрбиелі дүниелер көретін ай.Бұл ай күні бойы өсек айтып,ұрсысатын емес,бұл ай күндіз діни білім алып,кітаптар оқитын ай.Бұл ай үйде жатып,ауызашар уақытын күтіп жататын ай емес,бұл айналаға көмек беріп,өзін жақсылыққа итермелейтін ай,өз-өзімен жұмыс жасайтын ай.Бұл ай Алланың ілімін бойға сіңіретін ай.Бұл ай Алладан алақан жайып мейірім сұрайтын ай.Бұл ай езу жиып,адамдармен қарым-қатынасты жөндейтін ай.Бұл ай тек ауыз бекітетін ғана ай емес.Осыны барша ораза тұтушылар түсінуі керек. Рамазан ол тақуалық айы. Оразада адам дене қалауларын тәрбиелеп, нәфсінің құлы болып кетуден өзін азат етеді. Ауызды астан ғана емес, жаман сөздерден, ғайбаттан тыйса, көзді харамға қараудан, құлақты харам нәрселерді естуден тыяды. « Нәфсіге тойтарыс беріп, көркем мінезділікке, тақуалыққа қадам басу – мүміннің жеңісі болмақ.» деген ғұламалап сөзі бар.Біз жылына бір келетін көркем айда нәпсімізді бар жағынан тыя білуіміз керек.Тек тамақтан емес! Алланың беріп тұрған мүмкіндігін лайығынша пайдаланып,Раббымыздың мейіріме лайық болу үшін барынша харакет қылғанымыз дұрыс.Әр нәрсені лайықты түрде жасау діни тұрғыдан бөлек қарапайым адам ретіндеде жасай білу керек әдетіміз.Көрер көз бен естір құлақ,түйер көкей болса кез келген пенде оқығанын санасына енгізері анық,ендеше барша әлемді рақымына бөлеп жүрген Раббымыз осы қасиетті болған айлардың сұлтаны Рамазанды тиісінше,лайықты қылып өткізуді нәсіп етсін. Осы айда Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!