Өзіңді таны

Өзіңді таны
жеке
блог

 Менің жазатын ойларымның көбісі оқырмандардың кейбіріне таныс болмауы мүмкін. Ол алдымен әр адамның сеніміне байланысты. Өмірге келген соң, жан-жағыңды танығың келіп, өзіңе қызықтыны көргің келетінің бар. Ал кейде керісінше, өзіңнің бір бөлігіңмен бүкіл әлеммен бөліскің келеді.

 Маған есімді білгелі әлемдегі барлық мистикалық нәрселер қызық болып көрінетін. Ғаламшарымыздың барлық құпияларын білуге құмарым әлі де толасы... Бүгінгі қысқаша тақырыбым- маxаббат жайлы.

 Қызық, адам өмірінде бір-ақ рет шын ғашық болады дейді емес пе? Яғни сен үшін жаралған жан 7 миллиард адамның ішінде міндетті түрде болатыны, оны қалай табуға болады деген сұрақты тудыратыны анық. Сонымен қатар әрі қарай көп сұрақтар кезегімен, жауабы табылмаса да, қойыла беретіні бар.

 Жеке мені, "родственные души" бірін бірі әрқашан кездестіреді ма? - деген сұрақ қатты қызықтырады. Яғни бір бірі үшін жаралған жандар міндетті түрде бірден кездеседі ма, әлде олар біріне бірі лайықты болу үшін алдымен өздерімен танысып, жан-жақты өсіп, руxани толығып барып қана, кездескенде, аз уақыт ішінде екінші жартысын сезетіндей дәрежеге жетулері керек па? Мен негізі өзімнің маxаббатым жайлы жазып отырмын. Толығырақ- өзімнің маxаббат жайлы ішкі кішкене ойымды.

 Мен әрқашан өз адамымды кездестіргенде, оны бірден сеземін деп ойлайтынмын. Ешқандай сөздің де керегі болмай, тек қана бір көру арқылы... ( Просто один взгляд и все) Мен әрдайым бір көргеннен ғашық болуға сенетінмін, сене беремін де. Себебі мен өз ішкі даусыма, интуицияма қатты сенетін жанмын. Тіпті, олар кейде қателесіп, өз жұмыстарын күдікпен орындағанның өзінде, менде ешқашан алдамайтын бір қасиетті досым бар. Ол- жүрегім... Мен әр кез сайын оның маған жол көрсетіп немесе адамымды тануыма көмек беруін сұрағанды ұнатамын. Алайда қарым-қатынасқа жайлы ол әзірге ештеңе деп ескертпеген соң, барлық қызықты да керемет оқиғаларым әлі алда деген нық сенімдемін. Мен адам жүрегінің құдіреттілігіне сенемін.

 Ал тақырыптың бұған не қатысы бар десеңіз, өзіңді жақсы көріп, тану арқылы ішкі даусыңды анық ести аласың. Ал ол дауыс өз кезегінде сені маxаббатыңа қателестірмей жолықтырады. Сондықтан бар күшіммен осы жолда қалып, өзімді жан-жақты зерттеп, танып және де тәрбиелегім келеді...