Өзің кінәлісің!
жеке
блог
блог
Ия, шараң барма дәл қазір күрсінбеуге?
Қайта тұрып жаным-ау жүгіруге?
Елестетші, пендем-ау кеше күні,
Аламын деп асуға іліктің бе?
Енді неге сүрінбей құладың кеп.
Анау маған пайдасын бермеді деп.
Кім саған қолын берер, демеп жебеп?
Жаныңды жан қалтаңа салып берер?
Кеше ғана жаныңды мың суырды,
Айтшы пендем саған кім көмек берер?
Өз-өзіңді мың қайрап түземесең,
Бар жаманды ішіңнен іздемесең.
Құр кінәні артпағын бос кеуде боп,
Өзіңнен алар отың мәңгі болса,
Қатеңді өз-өзіңнен іздер болсаң
Сен маған, тәрбиеле өзіңді-өзің.
Бағындыр шыңнан биік тұғырыңды!- Бүгін, сен нендей мақсатыңды орындадың? Немесе,қандай қадам жасадың?Орындай алмай қалған жоспарыңа кімді кінәлаудың амалын іздеп отырсың? Арманың сені алдағаныма?Әлде, сені қоршаған адамдар бәрі саған бір нәрсе беріп тұру керек пе?Қашанғы біреуді кінәләуді қоярекенсің.
А.Құнанбаевтың:"Сұм дүние тонап жатыр, ісің барма?
Баяғы түс, баяғы күшің барма?
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір.
Желігін жерге тақпас кісің барма?-депті данышпан.Елім менің жарқын ғой шіркін, жастары есті, көздері ашық, жүректері отанға деген ізгі махаббатқа толы.Алға қойған мақсатына нық қадам басатын жеке тұлғалар десті.Бірақ көбісінің алдын байлап,көзін шерлеп тұрған "кінәлау".Бұл нәрсе сәтсіздікті мойындамаудың адамның ішкі түйіткісінің көмек беру іздеу дабылы дептүсінемін.Шыныңызды бетке шығарыңызшы, өмірімізде бір оқиға
сәтсіз болса, "анау бөйітпесе мен өйітпес едім", " менің ақшам болса,танысым болса былай жасар едім, әттеген ата-анам шіріген бай емес","сыртқа тасып тұрған ақылым жоқ, оқуға түсе алмаспын", " таныс деген олда жоқ" деп өзінің жұмыс жасай алауымен жалқаулығына еркелетіп кінә артқан сымақ түрі ғой енді.Малы жоқ деп жерден түңілме, егіні жоқ деп жерден түңілме! Психологтар адам баласы күніне кем дегенде 12 рет біреуді кінәләйді, яғни қарапайым "сенің кесірің" деген сөзғой.
Жалпы елесетіп көрейікші, қарапайым мысыл сіздің қол астыңызда жұмысшылар бар делік. Олардың қарқынды және ынтамен қызмет атқаруы сізге байланысты ма,әлде жұмысшыларға ма? Ия,сізге! Өйіткені сіз оларға үйренуге тұрарлық тұлға боласыз. Ал, егер сіздің жұмысшыларыңыз, берілген тапсырманы уақытылы және тиянақты орындамаса, кім кінәлі? Әрине, сіз. Өйіткені дұрыс түсіндіріп нақты жеткізе алмадыңыз. Өз ойыңыз бен, түсіндіруіңіз екі түрлі болды. ИЯ, сіз кінәлісіз.Және бұл кемшілігіңіз бен күресе білуіңіз қажет. Қазағым қанша уақыт түнектен май шырақ шағып шығып келеді, ез мінез бен кене әдеттерден айырылудың жолын іздеп, басымызды құрлыққа тартар жан болмаса, "болмашы әуре мен қызу жігерді" алмастырып алармыз, сірә. Өз-өмірімнен қысқаша мысал, он үш жасымда Оралхан Бөкейдің облыстық мәнерлеп оқу байқауына бардым.Байқыаудың шартын өзім оқымаған болатынмын, яғни мұғалімім оқып түсіндірген.Менің дайындаған тек екі шағарма еді. Байқау өтіп жатыр, кей біреулер дәл мендей екі шығарма оқуда азын аулық онысы.Кей біреулер шешендік сөзді де қоса оқуда. Байқау аяқталды. Қазылар соңында атты "Байқаудың шартын кей біреулер түсінбеген секілді, төрт шығарма оқылу керек еді, немесе қатысушылар өз туындасы оқуға міндетті болатын"-деді. Амал қанша үшінші орын алдым. Біте сала, басқа қатысушылар бірдестен "өздері дұрыстап жазбайма, түсінксіз шарт жасаған" деп кіләнауға көшті. Ия, менде сол кезде мұғалімамді кіләлап өзімді сүтке теңеп оттан алшақ ұстауыма болар еді. Бірақ мені сол кезде өзімнің мұқиятсыздығым ішімді ашытты, яғни өзіме "жақсылап дайындалу керек еді, шартты оқу керек едім" деген секілді. Ал енді қалай ойлайсыз қайсысы дұрыс?Менің ойымша өзіңді кінәләп, келесіде өзіңді мұқияттылаққа шақыру дұрысырақ! Ия, ырымшыл халық туралы айтуды ұмытпайықшы.
Әрине, ата-баба дәстүрі, наным-сенім секілді нәрсе қазаққа не сор не бақ.Өз-басым наным-сенімнен аулақпын, яғни "көз тию","сөз өту" "дуа" "қара күштер" деген кейде ақылға қонымсыз жайыттар ішкі дүниенің көмекке шақыру жаңғырыға деп білемін, яғни кінәні өзінен емес, жоқ ойдан құрастыралған нәрсеге артып қою. Жәй ғана дұрыс қойылмаған мақсат пен уақытттың дәлсіздігі , ойдық түпкі шегі жоқ болына орай көп мақсаттар орындалмай қалуда деп ойлаймын.
Ақиқат: Бүгін жасайтын ісіңіз орындалмаса, кінәлі өзіңіз! Соны тоқып алаңыз. Өмірде сон қилы жағдайлар бар. Қазір сені не күтіп бұрыштан не шығатынын білмейсіз. Бірақ мен айтайын,сіз не ойлайсыз соны тартасыз. Неғұрлым дұрыс және позитивті ойлайсыз, соғұрлым өзіңізге жақсы жайыттар тартасыз. Бірақ кінәлаудіңда шегі бар. Өзіңіздің қолыңызда емес нәрсені өзгерте алмассыз, оған тек көндігіп, өз жолыңыздан таймау басты міндетіңіз!
НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА РАҚМЕТ!
ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ҚАЙРАП, ШЫҢҒА ШЫҚҚЫН АҢДАП!