Қазіргі кезде заманнан ба,адамнан білмеймін.... Жалпы сөздік қордың нашарлауынан ба көп адамдар қай жерде қалай сөйлеу керектігін,немесе кіммен қалай сөйлесу керектігін білмейді...Ең бірінші адамның қандай екенін сырт келбетімен киген киімінен және ең маңыздысы сөйлеген сөзінен білуге болады.Дұрыс сөйлеу адам баласының айнасы іспетті.Тым болмағанда ешқандай боқтық сөз қолданбай сөйлесу керек..бір тілде таза әрі,нақты сөйлей білген өте дұрыс тәрбиенің белгісі. Қазіргі жастар орысша араластырып сөйлеуді сәнге айналдырған.Бұл біздің ана тіліміздің жоғалып кетуіне төніп тұрған үлкен қауіп.Сонымен қатар барлық телеарналар,журналдар,мәжіліс залында өтетін жиындар көбі қазақ тілінде емес орыс тілінде өтеді.Бұның өзі нені білдіреді???Меніңше әркім өзі үшін,отбасы үшін,Отаны үшін ұлттың тілін құрметтеп,сол тілімен сөйлесе үлкен тәрбие .Жарқын болашаққа деген үлкен сенім.Сіз бен біз болып бұны алдымен өзімізден бастаған жөн деп ойлаймын.Әдемі әрі,нақты сөйлеп,өз тілімізді құрметтесек жақсы болар еді ...Өз болашағымызды түзу жолмен жүріп,құрайық дегім келеді.