Өз-өзіңді бағалау

Өз-өзіңді бағалау
жеке
блог

 

Әл-Фараби атындағы университеті,

Философия және саясаттану факультеті,

Педагогика және Психология мамандығының

2курс магистранты

Ментаева Лаура

 

Өз-өзіңді бағалау

Бір рет сатып алған духи не қымбат киім самооценканы көтереді дегенге қарсымын.

Біздің қоғамда “өзіңді жақсы көр, өзіңді бағала, самооценкаңды көтер” деген тіркестер өзіңе ақшаны аяма, өз қалауыңды орында деумен түсіндірілуде. Өзіңе ақша қимасаң - самооценкаң төмен, бар инвестицияны өзіне құйса - самооценкасы ұрып тұр. Екінің біріне айтатыны осы. Сол жүргенде тең жартысының психологиядан хабары болмауы мүмкін. Бірақ инстаны ашып, тв қосса да, әдемі келіншектерден еститіні осы болғасын, сене бастайды. Сіз де соны айналаңыздан байқаған шығарсыз?

Шындығында, ешкімнің бір-бірін бағалауына, оның ішінде кемсітуге  хақысы жоқ. Бәріміз бір деңгейде Алланың қалауымен жаратылған адамдармыз. Ал біреуде кемшілік кездесіп жатса, оның несі айып? Сіздің де қателесуге хақыңыз бар. Мәселен, сол бір кемшілігіңізді жауып тұратын он жақсы қасиетіңізді атаңызшы? Міне, сондай жақсы қасиет бәрінде бар.

Самооценканың негізі екі түрі болады:

✔️ сау (здоровая самооценка);

✔️ сау емес (нездоровая самооценка).

Сау емес дегеніміз іштегі бір тесік, шел іспеттес. Адам соны толтырам деп жанталасады. Біреуі шопоголик, екіншісі қымбат телефондарға әуес, үшіншісі азарт ойындарға беріледі, кейбірі барын дәмді тамаққа ғана жұмсайды. Яғни өздерін осы бір іспен қуантқанда, ләззат алады. Ал сол бір сәттік рақатыңыз ғұмырыңызға қандай пайдасын берді? Адам ретінде өзіңізге қандай баға берер едіңіз?

Сау самооценка болу үшін әр ісіңіздің өз құндылығы болу керек. Әрі сізді дамытатындай пайдасы да болу керек. Ол үшін сіз адекватты түрде өзіңізді бағалай бергеніңіз жөн. Мысалы, таңда ерте тұру, спортпен айналысу, денсаулығыңызды күту секілді қадамдар өміріңізді өзгертеді, алға жетелейді.

Ал “өмір бір-ақ рет берілген, сондықтан брендовый пижама ал, не қымбат крем ал, самооценкаңды көтер” деген әңгіме сол моментте ғана жараңызды жазғандай болады. Крем бітіп, киім тозғанда сіз әлі сол жерде тұрғаныңызды байқайсыз. Ал уақыт тек өтіп жатыр…