Соңғы жылдары қасиетті саналатын "Қағбаға" (Мекке) қажылық сапарын орындаушылар көбейіп жатыр. Бұл жағдай еліміздегі туристік кампаниялар үшін де, Сауд Арабиясының бизнесмендері үшін де қолайлы болып тұрғаны рас.(Құдайға сенбеушіліктен аулақпын) Біреудің ақшасын санау дұрыс емес екенін білемін. Бірақ, сол қажылыққа барған жандар (кемі 1500 доллармен) еліміздегі бұрынғы ата-бабаларымыздың зиратына барып көрді мекен? Мәселен, Бесшатыр қорғанына. Қандай ғажап жер. Арабия жеріне ақшасын шашқан жұрт, тарихи жерлерімізге баруға онша құштар емес секілді.