Ойлар...

Ойлар...
жеке
блог

Бейкүнә арман. Түнгі сағат 11 де Әл-Фараби көшесімен келе жатырмын... Дала сондай керемет. Бір кездері осы көшемен жүрген кезде Алматының нағыз қала жағы осы ғой деп ойлайтынмын. Осы көшеге күнде келіп, осы жақта жұмыс жасасам деп армандайтынмын. Кеше түнде сол көшемен келе жатып, арманым есіме түсті. Сөйтсем мен ол арманыма жетіппін. Осы көшенің бойымен жұмысқа келіп- кетіп жүргеніме 2 жыл болыпты, ал мен оны байқамағам...

Бауырлық махаббат. Мен үшін бұл өмірде жетіспеген нәрсе осы шығар. Себебі үйде ағамыз екеуміз ғана. Ағам апамдарға табиғи болды да арамыз өте суық болды. Әлі де салқындық бар, ағам маған ешқашан мені жақсы көретінін айтпапты. Аса мейірімділікті де байқамаған сияқтымы, кейде ғана "көлігің жақсы ма?" деп сұрағанына риза боп қалам. Мен жалғыз өспедім, папамның бауырларының балаларымен бір үйдің баласындай өстік, бірақ жеме-жемге келгенде олар өз бауырларын таңдап кететін. Сондай кезде жалғыздығымды сезінетінмін, өкпелейтінмін. Көп балалы үйге қызығам, қызғанам. Әкем естімесін. 

Қамтамасыз ететін жұмыс. "Жұмысыңнан ләззат алмасаң істей алмайсың" деп айтатындарды түсінем де, қарсы болам да. Себебі, адамның жұмыстағы басты мотивациясы ол - ақша. Егер жұмысыңнан сені қанағаттандыратын жалақы алмасаң ол жұмыстан ешқашан ләззат ала алмайсың. Сен жұмыс жолымен қанша көтерілсең де ақшаң жетпесе ойың басқаша болады. Ал жұмыстан ләззат алу туралы ойлайтындар жалақысы көп адамдар деп ойлаймын немесе шектен тыс шығармашылыққа беріліп кеткен адамдар солай ойлайды. Бұл жағынан мен материалист сияқтымын. Бұған қоса жұмыс орнымдағы жайлылыққа әбден үйреніп алғам, бұл жағынан Аллаға тәуба деймін қазіргі кезде. 

Қарым - қатынас. Күйеуге шығып жатсам елдердің қателіктерін жібермеймін деп ойлаймын. Бірақ олай еместігін білем, көзім жетеді. Дегенмен, отбасын құруда қателік жіберіп алудан қорқам. Қазіргі сөйлесіп жүрген адамым мені түсінбейтін сияқты. Тіпті онымен ортақ тақырыбымыз жоқ сияқты. Себебі оның айтқаны маған ауылдың әңгімесі сияқты, ал менің айтқаным оған мүлдем түсініксіз әлем сияқты. Сол үшін де онымен отбасын құрғым келмейтінін айтқым келеді, бірақ оған жетпей арамыз алыстап кетті. Ал оған менің әлемімді түсіндіру оған қызықсыз, себебі 30 ға келгенше осыны түсінбеген адамның ойын өзгерту қиын сияқты.

Ізденіс жоқ. Бәрі қызықсыз болатын кезеңдер болады.