Отбасындағы Отағасы

Отбасындағы Отағасы
жеке
блог

Жұмысынан келгенде, «Әке» деп жүгірген балаларын көргенде, күні бойғы шаршағаның ұмытып кететін мейірбан әке, жарына махаббатпен қарап  , күтіп отырған Отбасына шуақ болатын отағалар бейнесі неге бүгінде сағындырып тарих, кітап беттерінде ғана қалды? Ірілік, байсалдық көріктері болған отағалардың бүгінгі ұсақталуына не себеп?

Қашанда  отбасындағы «Әке», «Жар» жанұяның тұрмыстық қажеттілігінен бастап, рухымызды қуаттандырып, махаббаты, сүйіспеншілігі арқылы шаттық сыйлай алатын, Отбасының бірінші адамы болған. Артық сөзсіз, қас- қабағының қимылымен әйелді де, әулетті де басқаратын, соңғы шешімді шығаратын да, соңғы сөздің иесі де ер еді.

Қазір үйдегі басшылық әйелдің қолында, бала да, шаға да , тіпті әкеде Әкені құрметтеуден қалуда. Әйелді басшы қылған ер адам ба, басшылықты алған әйел адам ба?

 70 жылдық кеңес заманының  отбасы институтына айтарлықтай  әсер еткені бар. Колхоздандыру, савхоздандыру деп, әйел күшін қолдану мақсатында теңдік деп ұрандады.  Атеизмді қалыптастырып, дінімізден қол үздірді, соның салдары тәуелсіз елімізге әлі де салмақ салуда.

Үйде де, түзде де ерлеп жүрген батырлырымыз, бабаларымыз, бүгінде үйде сөйлей алмай, түзде ерлей алмай барады. Абылай хандық ғұмырының алғашында түс көріп, Бұқар жырауға жорытқанда, ұрпағының алды арыстандай болады деген кезең өтіп, соңы бақа-шаян, құмырсқа дегені жеткен заман болмасын .