Отбасы - өмірдің мәні

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық адамдар тобы. Отбасы мүшелері: ата, әже , әке, ана , бала болады. Отбасыда әркімнің құқығы мен міндеті бөлінеді. Әке , яғни ер азамат отбасын асыраушы , қорғаушысы , баспана мен киім кешекті қамтамасыз ететін адам. Ана - отбасы ұйытқысы , үй шаруасын жасайтын , аналық және асыл жар парызын есте сақтайтын киелі жан . Бала отбасының бақытты болу себебі, мұрагер, анасы мен әкесінің үміті.     Ер азамат пен әйел адам неке құруға дейін "өзім қалай бақытты болам " деп емес , "жарымды қалай бақытты етем" деп ойлауы тиіс. Ерте кезде жастайынан отбасы құрған. Тұғыры берік болды. Ал,қазірге кезде статистика мәліметтеріне сүйенсек, "Қазақстандағы" әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Менің көзқарасым бойынша, олар жастайынан отау құрсада, ақыл тоқтатпаған. Олар отбасы болуға дайын болмаған. Себебі, әрбір отбасы мүшесінің өз міндеті болады. "Отан отбасыдан басталады" дегендей , әрбір жан ең алдымен өз отбасымен тату тәтті өмір сүріп, қадірлесе, тәрбиесі жақсы болса, қоғамдық өмірде сыйлы жан бола алады.    Тәмәмдәй келе, Отбасы - өмірдің мәні. Баланың әкесі мен анасынан үлгі алып, ата-анасысы баладан үміт күтуі. Әрбір жанұяның бақытқа толы күндері көп болсын ! 


Бөлісу: