Орыс тілін еліміздің "ресми тілі" деген мәртебеден айыру қажет

Орыс тілін еліміздің "ресми тілі" деген мәртебеден айыру қажет
жеке
блог

Қазақтың тарихы-бірігу тарихы деп елбасымыз атап кеткендей, біздің тарихымыз тұтастануды мақсат тұтқан тарих болып табылады.Егеменді ел болып, кемеңгер басшымызды сайлап, тәуелсіздігімізді алсақ та,әлі күнге дейін бірігуге талпынудамыз.Қазіргі қазақ қоғамында тұтастыққа қақпа болып тұрған мәселелердің бастысы-Қазақстан жеріндегі орыс тілінің үстемдігі.Қазақстанда,ұлы Қазақ даласының перзенті бола тұра ана тіліміздің үстемдігін көтеріп, жанталасып оны насихаттап жүргенімізге жүрегім қанжылайды.
Көшедегі қазақша қате жазбалар, теледидар немесе радиодағы хабарлама мен жарнамалардағы қазақ тілінде дұрыс сөйлемеу және екпін қоюда қателіктер жіберу-өкінішке орай, бұл бізге үйреншікті жағдай.Орыс тілінде сөйлейтін жастардың санасына ана тілінің маңыздылығын орнату үшін түрлі шаралар ұйымдастырып жүргеніміз ұят…
Менің ойымша, орыс тілін ресми тіл мәртебесінен айырсақ, бірқатар мәселелерден құтыламыз.Айтңызшы, Ресейде қазақ тілі мұндай мәртебеге ие ме? Жоқ, онда қазақ тіліне мәртебе бермек түгіл, қазақтығыңды көріп күдікпен қарайды.Қолы ашық, жанашыр әрі досшыл келетін қазағымның маңдайына біткен соры болды ғой бүгінгі орыс тілі.
Алаштың ардақты азаматтары ана тілі,қасиетті әрі құдіретті қазақ тіліміз жайлы қанша өсиеттер және даналық сөздерін қалдырды.Отарлау аяқталса, орыс тілі де қазақ қоғамынан жойылар деп ойлаған ғой… Білген ғой сірә,ұлт қазынасының орыс тілінен қорлық көруі егеменді ел тұсында да жалғасатынын…
Бұл дауларды тудыруы мүмкін,әрине.Алайда сізге ана тіліңізбен оның болашағы маңызды ма,әлде, РЕСМИ тілдің ауысуынан пайда болатын уақытқа мәселелер маңыздырақ па? Ана тіліміздің жадайы ушығып барады.Менің қоғамға деген үмітім үзілуде.Ал, ана тіліне құрмет көрсетпеген адам Отанына, еліне қалай құрмет көрсетсін? Барлығы тілден басталады.Қоғамнан орыс тілін күшпен аластатпасақ, орыс тілінің не кетейін, не қоғамның оны кетірейін деген ойы жоқ.