Өнегелі өмір – Гүлсара Шаданованың шаруашылығы

Өнегелі өмір – Гүлсара Шаданованың шаруашылығы
жеке
блог

Каспий өңірінде ораналасқан мұнайлы астананың дамуы  - әрбір тұрғынның бақуатты өмір кешуіне, кәсібін дөңгелентуіне үлкен үлесін қосып келеді. Қаланың қарыштап көреюі – шағын кәсіп иелерін ордалы шаруашылықтарға айналдырды. Жүз мыңдаған тұрғыны бар қалалының іргесінде қазақтың ата кәсібімен айналысып, айырандай ұйыған берекелі ауылдың бет бейнесін көркейтіп, Жайық жағасында орналасқан шаһардың шұғылалы жетістіктерге жетуіне өзіндік еңбегін сіңіріп келе жатқан «Шаданова» шаруа қожалығы -  Атыраулықтардың алқауына бөленген, мақтанышына айналған кәсіпкердің табанды еңбегінің жемісі.

Қала іргесіндегі Қайрышақты аулында тұратын «Шаданова» шарауа қожалығы - 2000 жылдардан бастап ауыл шаруашылғымен айналысып келеді. Бүгінде мұнайлы астананың тұрғындарына табиғи таза өнімдерін ұсынып отырған қожалық өңірдегі мал шаруашылғын дамытуға өзіндік үлесін тигізіп отыр. Жыл сайын көрейіп, өрісі кеңейген шарғын қожалық иесі – бүгінгі жетістіктерін Атырау қаласының өркендеп дамуымен тығыз байланыстырады. Әуелде жер телімін таба алмай дағдарған кәсіпкер Гүлсара Шаданова – тұралап қала жаздаған ата кәсіпті аяқтан  тұрғызуға облыс әкімдігін басқарған басшылардың айырықша қолдауы көрсеткендігін сағынышпен еске алады. Қиын қыстау кезеңдегі мемлекеттің қолдауы – шаруашылықты құрып кетуден сақтап қалды, дейді қожалықтың басшысы. 

 Кәсіпкер шаруашылығы 1990 жылдардағы тоқырауды бастан өткерген. Еліміз Тәуелсіздігін алып, Кеңестік жүйе ыдыраған тұстағы нарықтық экономикаға бет бұрыс – қожалықтың тағанын берік қалап, даму жоспарын ілгерлетуге үлкен орай туғызған. Бүгінде қожалық техникасын жабдықтап, ауыл шаруашылғын қолдауға арналған республикалық және жергілікті бағдарламалардың игілігін көріп отыр. 

Әлемді шарпыған пендемия кезінде – ауыл шарауашылық өнімдерін өніретін кәсіпкердің өнімдеріне сұраныс артқан. Ковит детіне шалдыққандар да, карантинден сақтық шарасын күшейткен жандарда адам ағзасына қуат беретін  сүт пен ет өнімдерін көп деп пайдаланғанын айтады. Ал, кәсіпкер ел басына күн туған қиын қыстау кезде, жаны қысылып жабырқаған көпшілктен көмегін аямаған.

Ата кәсіп ­- мал шаруашығымен щұғылданатын шаруақор отбасы – бүгінде бесікті аулынының тұрғындарына берекелі  табыстың өнегесін көрсетіп отыр. Әуелде, сиыр сауып сүт өнімдерін сатудан бастаған Шадановтардың қожалығы бүгіне өрісін кеңейтіп, түйе бағып, шұбат өндіруді, бау-бақша салып, егін егуді де қолға алған. Дәстүрлі шаруашылыққа ден қойған әулеттің жастары мұнайлы астанадағы алып зауыттардың жоғары жалақылы жұмыстарға қызықпай – жоғары оқу орындарынан кәсіби білім алуда ауыл шаруашылғы саласындағы мамандықтарды таңдады, дейді, Бесікті ауылындағы мектеп-интернаттың директоры.

Шаруа қожалығы бір отбасының табысты игілігі ретінде Қайыршақты елді мекеніндегі тұрғындарға да жұмыс беріп отыр. Атам заманнан бері мал өсіріп, төрт түліктің базары қайнаған Аспа қыстағындағы 16 үй бүгінде Шадановтар қожалығына жанкүйер, жұмысына қолғанат, еңбегіне қолғабыс тигізіп отыр. «Ағайының аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген көнеден жеткен қағида – аспалықтардың берекесін арттырып отыр, дейді ауыл тұрғыны.

Шадановтардың отбасылық кәсібінен өріс алған шаруа қожалығыныдағы әрбір еңбекшіл азамат – күн сайын көрейіп, сәулелі шұғыласын шашқан мұнайлы астананың өркендеуіне азғантай қосқан үлесін үлкен мақтаныш, абыройы міндет деп санайды.