Массагеттегі алғашқы блогымды ekovestnik.wordpress.com сайтындағы kanbiblioteka бөліміндегі Егор Арафьев атты Ресей блогерінің мына бір мақаласын аударып, салып отырмын. Аудармада қателер болуы мүмкін. Дегенмен пайдалы ақпар болар дедім. Қазір кітап оқитындар саны азайып бара жатқан уақытта, қызығушылық артар деген үміт қой біздікі.))) Көлемді мақаланың толық нұсқасын жоғарыдағы сілтеме арқылы өтіп,оқысаңыздар болады. Мен қысқаша алып отырмын. Себебі,түптеп келгенде жазылған пікірлердің мағынасы бір болды. Сіздер де осы тұрғыда пікір білдіре кетсеңіздер артық болмас.
Ғалымдар кітап оқу өмір сүруді ұзартатынын туралы тұжырым жасады.
Ұзақ өмір сүргіңіз келесе- кітап оқыңыз. Бұндай тұжырымды Йельс университетінің ғалымдары қабылдап отыр. Олар: кітап оқу мен ұзақ өмір сүрудің арасына байланыс орнату үшін 12 жыл егде адамдарға (50 жастан жоғары) зерттеу жүргізген. Тәжірибеге 3600 адам қатысқан. Нәтижесінде: кітап оқитындар оқымайтындарға қарағанда ұзақ өмір сүретіндігі белгілі болды.
Егор Арафьев Йельстік ғалымдардың тәжірибелері туралы айта келіп, ғалымдармен, жазушылармен, әдебиетшілермен, редакция жетекшілерімен әңгімелескен. Бәрі өздерінің тұжырымдарын айтады, бірақ түпкі ой біреу-кітап оқу сау болуға көмектеседі.
Мақаладағы бірде-бір абзацты жібермей,толық жариялайық,өйткені бұндай мақалалар- кітапқа қызығушылық танытып,салауатты өмір салтын сақтағысы келетіндердің «кітапқұмар жанына » бальзам болып табылады.
Кітап ұзақ өмір сүруге әсер ете ме? Әсер етеді екен!
Габриэль Гарсия Маркес Кафкидің «Превращениесін»оқығанда «Жазушы боламын» деп шешім қабылдапты. Хэмингуэй қарт Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігін» оқығанда керемет әсер алатын болған. Курт Кубейн өмірден өтер шағында Патрик Зюскиндтің «Парфюмерасын» бастан аяқ оқып шыққан. Кітап әркімге әртүрлі әсер етеді,бірақ ұзақ өмір сүруге көмектесе ме? «Комсомолка» ұйымы бұл сұраққа жауап іздеп көрген екен.
« Ми қатпарларына күш салу»/напряг извилины/ қан айналымды ретке келтіреді.
Егер біз кітаптағы басты кейіпкер үшін алаңдайтын болсақ,біздің миымызда да сол жағдай болып жатыр деген сөз. Ол уайымдайды және өнімді жұмыс істейді. Тиісінше біз сабырлы әрі сүйіспеншілікпен һәм рақаттанып оқысақ-ол да бір эффект. Егер анализ жасауға, текстті сынауға кіріссек-ол мүлде басқа. Оқу кезінде «Напряг извилин» қан айналымдағы мінез бен жүйкеде шұғыл ауысымға әкеп соғады. Бұл нені білдіреді? Мидағы нейрондарға белсенді салмақ түскен, ол деген Альцгеймер жақын келе алмайды деген сөз.
-ұзақ өмір сүру мен кітап оқу арасында көптеген байланыс болу мүмкін дейді,- Илья Плужников, Мәскеу гуманитарлық университетінің нейро-психологиялық факультетінің кафедра доценты.
–Классикалық көркем әдебиет бізге өмірдегі қиын жағдайларда көмектесетін схемалар мен тәртіп модельдерін ұсынады. Психоаналитиктер «катарсис» деп атайтын бұл тәсілді: адамдар оқу кезінде актуалды түсініспеушіліктер мен проблемаларды жою кездерінде ұстанады. Және бейімделу ресурсын жасап шығады. Оқымайтындардан кітап оқитындардың айырмашылығы, оқушы адам өмірге деген көзқарасын жетілдіреді- псевдостресстік жағдайларды стресстік деп қабылдамайды. Демек,оларда мидағы қарым-қатынастар қалыптасады. Дәл осы қарттық әлсіз ойлаудың /развитие старческого слабоумие/ алдын-ала алады. Әдебиет стресске дұрыс қарауға ықпал етеді.
Басқаша айтсақ: қаншалықты көп оқысақ, соншалықты көбірек пайымдай аламыз. Ол дегеніміз, өмірге қабілеттілік болып табылады.
Миға жаттығу жасау.
Кейбіреулер миды бұлшықеттермен салыстырады- оның бөлімдері қозғалыс пен бірлесіп әрекеттенуге жауап береді. Және оған жаттығу жасауға болады.
- Миға кез келген салмақ түсіру жақсы әсер етеді-деп санайды,- «КП» жазушы Евгений Водолазкин, «Үлкен кітап» лауреаты. Менің үлгі санайтын тұлғам- 92 жасқа дейін өмір сүрген ұстазым Дмитрий Сергеевич Лихачев. Ол өте көп кітап оқыған адам. Ми жаттыққан уақытта, ол барлық ағзаға әсер етеді. Теледидар қарап отырған адам, дайын картинаны көреді. Кітап оқып отырған адам, пікір жасауын жалғастырады-сөздері логика мен дамуға ие болады. Ол жаттығу болып табылатын , кітап оқыған кездерде үнемі ойлауға мүмкіндік береді. Қандай кітап ұсынар едім десеңіз, мидың жұмыс істеуіне итермелейтін кітаптар. Ондай кітаптарда логика мен интеллект қана емес, метафизика да табылады. Честертонның «Мәңгілік адам» еңбегі мысал бола алады.
-Әдебиет миға сапер бола алады-әлі кездесетін жағдайлардың алдын-алуға көмектеседі.
Нақты қандай кітаптады оқыған дұрыс?
Сергей Тишков, АСТ баспасындағы Mainstream редакциясының жетекшісі.
-Әртүрлі кітаптар оқыған дұрыс, бірақ міндетті түрде классика: Антуан де Сент-Экзупери «Кішкентай ханзада», Рэя Брэдбери, ағалы Стругацкийлер. Күнделікті тұрмыстық проблемаларды басу үшін, классикалық фэнтезилер ұсынылады: Джон Толкин, Филип Пулман. Қазіргі заманғы жазушыларға да көңіл аударған жөн: керемет көңіл көтеретін Донна Тарттың «Щегол» (Пулитцеровский премиясының луреаты) және Захар Прилепинаның(«Үлкен кітап» премиясы) «Обитель» романдары. Сонымен қатар «Премиялы» әдебиеттерді де оқу маңызды, ауызша және жазбаша сөздік қорды молайту үшін кез келген жағдайларда пайдалы.
Лев Аннинский, әдебиеттанушы, публицист:
-Кітап оқу-ақпарат алудың тәсілі. Және ұзақ өмір сүру адамның оқу не оқымауына байланысты емес. Оның өмір сүрудегі ұстанымдары мен өмірінің қандай екендігіне байланысты. Егер ол өз ұстанымдарын кітаптардан таба алса,онда ол өмір сүруіне көмектеседі. Егер ол ішкі қалауы бойынша өмір сүрмесе,ерте өледі. Және кітап оған көмектесе алмайды. Жеке өзім кітап оқымасам өмір сүре алмаймын.
Деректеме: Арафьев,Е. // Комсомольская правда.-2016.-17-24 авг.-С.33.