Өміріңді 60 күнде өзгертуге бола ма?
блог
"Жайдары жаздан кейін маужыраған, меланхолияға ұшыратын күз мезгілінде өмірдің мәні, қоғамдағы рөлі туралы көп адамдар ойлана бастайтын сынды. Сондайлардың қатарында мен де бармын."
Әр адам өз өмірін өзгерту жайлы ойланатыны анық. Салбыраған қалыпқа ұйқытаған күйі ілескісі келмей, мен секілді жалқаулар мотивациялық пост/мақала/блог оқып "БІТТІ! ЕРТЕҢНЕН БАСТАП ӨЗГЕРЕМІН!МЕН ДЕ СӨЙТЕМІН, ЖАҢА ТӘРТІП ҚАЛЫПТАСТЫРАЫН, БАРЛЫҒЫНЫҢ ҮЙРЕНІП ЖАҢАДАН БАСТАЙМЫН!" деп алыыып, ертесіңде түнгі үшке дейін сотка шұқылап, он бірде соткасын құшақтаған күйі оянады. Таныс па?
-Жоооқ.
-Өтірік айтпа.
Сонымен өзіңді өзгерту қажет пе жоқ па, қалай білеміз? Қиялға берілеміз: сізге расымен де сиқыршы келіп:"Мен сенің мына мүшкіл жағдайынды көріп, көмекке келдім. Мені көргеніне қуаныштысың ба? Мен сенің үш тілегінді орындаймын" десе не дейсіз?(пікірге).
Мен өзімдікін жазар болсам:
1. Орыс тілін жақсы білетін волейбол ойнап жүрген қыз ағылшын тілінде еркін сөйлеуде(қысқасы: три в одном))
2. Иммунитетімді жоғарлатқым келеді.
3. Мен әп сәтте қалай сайт жасауға болатынын білгім келеді.
Сіз ойландыңыз ба? Көзіңізді жұмыңыз: сізге не кедергі? Неге сіз кей істерді жасай алмайсыз? Шынымен де не қажет. Үш тілекті тіледіңіз бе? Жарайсыз. Сізге бір жаңалық айтайын. Саған ЕШҚАШАН сиқыршы келіп 3 тілегіңді орындап бермейді)) Барлығының күл талқаны шықты. Өкінішті енді сіздің бұл тілектеріңіз орындалмайды. Енді сіз басқалардан төменгі сатыдасыз. МИЫҢЫЗДЫҢ ІШІНДЕ ЖЕҢІЛІС ТАППАҢЫЗ. Тырыссақ бәрі қолдан келеді. Егер сіз бүгіннен бастап талпынып, тырыссаңыз біршама уақыттан/уәде берген уақыттан кейін "ВААУ, МЫНАУ МЕНІҢ ҚОЛЫМ ЖЕТПЕЙ ЖҮРГЕН АРМАНДАРЫМ БА? СОНШАМА АҚЫМАҚ БОЛЫППЫН ҒОЙ. ҚАТЫРАМЫН МЕН ДЕ" дейтін боласыз.
Мен де талпынысты бастамақпын. Өзімді 60 күн ішінде қалай өзгертуге болады? Менің тізімім былай.
1. Күн сайын жатар алдында өз өміріме рақмет айту.
2. Негативті ойларға жол бермей, өз-өзімді жақсы көруге тырысу. АРТҚА ТАРТАТЫН АДАМДАРДАН құтылу, өкінішті бұл әзірше мүмкін емес, мен мектеп оқушысымын:)
3. Орыс тілінде еркін сөйлеу(күлме), шыны керек қазақ ортада жүргендіктен бе, сынып бойынша ешкім орысша ТҮСІНІП ТҰРЫП сөйлей алмайды(lol) Сөздік қор жақсартып, именуден арылу, ұялшақтықты жою. Ағылшынша да солай)
4. 60 күн ішінде 50 өлең жаттау.
5. Джон Лондонның екі повесті мен 10 әңгімені оқу, талдау.
6. Волейбол(футбол) ойнағанда "Мен ойнай алмаймын " деп шетте тұрмау, допқа таласу, істей алмасам да байңап көру(бұған ештене білмесе де сайысқа "мен қатысамын" деп ештенеге көмектеспей, білім сайысында 20 минут бос тұрып тұрғаны үшін мадақтама алып, соған мақтанып жүрген сыныптастарым әсер етті)
7. Уақытымды үнемдеу. Ол үшін:
7.1. Әлеуметтік желілерде бостан бос отырмау, тек хабарласу үшін ғана қолдану.
7.2. Жинақылық. Кітап, киім салатын сөрені жинастыру. Ұялы телефондағы артық сурет, мұңлы әуендер, приложениелерді өшіру.
8. Қызығушылық. Пианинода ойнауға, әңгімелерімді аяқтауға, ойын ойнап, би билеуге уақытымдның бір бөлігін арнау.
9. "ЖОООҚ)". Бос істерге "жоқ" деп үйрену. Сынып шығаруға тиіс буклетті жасау үшін бір өзім 4 сағат компьютер алдында отырдым, мадақтаманы сыныптың атынан берді, әрі оны алу үшін басқа қыз линейкага шықты)(тізе берсем мұндай жағдай көп-ақ)
10. Массагетке күн сайын болмаса да блог жазу арқылы есеп жүргізу)
P.S. Осы бастаманы бастауға әсер еткен Miss Zее-ге рақмет, 1 жыл бойы жалқауланыыып жүрдім мен.Кеттік) 0|60!