Өмірге құштар жан

Күнделігімді қарап  отырып мына бір  жазған  дүниемді сіздермен  бөлісуді жөн  көрдім. 28.10.2012 жыл. Бүгін  өмірге құштар  жанды көріп  таң қалдым.  Оның  көз  жанарынан  кез-келген қиыншылыққа төзе білетінін,  өмірге деген  ерекше махаббатын  байқадым. Би  жарысы болды. Әртүрлі жанрда яғни хип-хоп,  бреак  данс сияқты. Аздап билейтінім  бар  болғандықтан құрбыларыммен  топ  құрып  бізде жарысқа қатысуды жөн  көрдік.  Сол  жарысқа бір  жігіт келді. Есімі Айсұлтан  екен. Өзінің  екі аяғы жоқ  болса да,  қолының  кемістігіне қарамастан  керемет билеп,  өз  өнерімен таң  қалдырды. Ешкімнен  кем  түспеді. Көпшілігі таң қалды. Тіптен  керемет биледі. Ол  өзінің  өнерімен  дәлелдеп бас жүлдені жеңіп алды. Оған  қазылар  алқасы жаны ашығандықтан  емес ,  өнерін  бағалап  жүлдені берді. Дегенмен  біздің  би  аса сәтті  шықпады. Оған  ешқандай өкініш  болмады. 

Айсұлтанды көре тұра ойландым. Аллаға шүкір  он  екі мүшеміз  сау. Кейде соның  қадірін  түсіне бермейтін  кездерімізде болады.  Ойға алған  жоспарларымыз  орындалмай қалса " өлгім  келеді", "неге  өмірге келдім екен" деген  сияқты сөздерді айтып  жатамыз. Мұны жоққа шығармайсыздар деп  ойлаймын. Осындай жансақ  пікірлер  кейде санамызды улап  жатады. Әр нәрсенің  қадірін  білгеніміз  дұрыс  шығар.  



Бөлісу: