Адамды кешіру неге сонша қиын? Кешірсең де неге көңілің жай емес? Неге кешірген адамыңның іс-әрекеті сөзіне сай болмайды? Неге әр кешірген сайын көңілің құлази береді?
Бір адамның өз қателігінен жасаған әрекетін жақсы көргендіктен кешіресің. Сен үшін маңызы жоқ адам болса аз уақытта санаңнан өшіріп, ұмытып кетуіңе болады. Бірақ ол адам сен үшін өте маңызды. Сенің өмірің, жүрегіңнің жартысы, отыңның иесі, шаңырағыңның берекесі. Оның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кеп неге қадалмады деп қиналатын адамың. Ауырса жаның ауырып, қиналса жүрегің жылайтын жақының.
Бірақ.... қаншалықты жақсы көрсең, миыңның бір шетінде сақталып, жүрегіңнің түкпірінде алдыңғы қателігі әлсін-әлсін жаңғырып тұратыны жаныңды қинайды. Білдірмесең де, сол нәрсе"қайталана ма", тағы солай айтып тұрса ше, кетіп қалсе ше деген сан мың күдік ішіңді тырмалап тұратыны қиын. Сезіміңді басымырақ етіп, көңіліңді басқа нәрсеге бұрып тұрсаң да бірде болмаса да бірде бір реніште не бір мұңайған сәтіңді пайдаланып, сол ойдың қалай санаңа оратылып келіп қалғанын білмей қалатынын түсінбейсің.
Жо-жоқ, жаныңнан артық көресің. Жаратқаныңнан кейінгі орында тұрған адам. Достарының алдында дауыс көтергеніне де, өмірінің жалғасын жүрегінің түбінде сақтап жүргендіктен болатын кейбір ауыспалы мінезіңді көтере алмай шұқып қалып, қабағын түйіп қалғанынының, жағдайыңды түсінбей "жылауық" көңіліңнің қалатынына назар аудармай, өзінің жағдайына көбірек көңіл бөлетін кездерін де кешіре салатының.......
Солай бола тұра, барлығы үшін бірінші болып өзің кешірім сұрайтының, менің қателігім деп кішірейіп тұратының, бәлкім білмей бірнәрсе деп қойған болармын деп барлығын өз мойныңа артып алуың, сәл қателігіңнен одан айырылып қалуың мүмкін екенін ойлағаныңнан тәуекелге бел буатының жасырын емес. Алайда, бұл қашанғы жалғасуы мүмкін? Сенің сол әрекетіңді әлсіздікке санап, басына беру қаншалықты дұрыс?
ішіңдегі айқайды өзіңнен басқа ешкім естімейді.......
Қайтпек керек?!