Біздің өмірде алғашқы ақпараттарды ата-анамыздан аламыз,ата-анадан алған балалық шақ әсерлері біздің өз-өзімізбен сөйлесуімізге әсер етеді Сәйкесінше рухани атмосфера әкелетін өмірлік тәжірибені толтыратын сөйлеуіміздің негізі.
Тіл- өмірімізге тікелей әсер етеді, ал ой-сана біздің өмірімізді қалыптастыра алады, айтқан нәрселер бізге қайта оралатын өмірлік тәжірибеге айналады
Егер біз өзімізді өзіміз төмендетсек, өмір мағынасыз болады. Егер біз өзімізді жақсы көрсек және мақтан тұтсақ, өмір бақытты, әрі тамаша көрінеді..
Мүмкін өмірде айтылған сөздер бізге үлкен әсер ететінді сезбей қаламыз, оны көпшілігі түсінбейді. Қалай айтамыз, не айтатынымыз туралы ойланбай сөйлесеміз, ал көбінесе адамдар сөйлесуде жағымсыз нәрселерді айтып қалуы мүмкін. .
Біз айтқан сөздерде қуат бар және ол энергия өмірге деген жауапкершіліктен туындайды. Бұл қорқынышты естіледі, бірақ бұл шындық, мойындасақ та, мойындамасақ та өз өмірімізге жауапты болғанша, өз сөзімізге жауаптымыз, өйткені біздің айтқан сөздеріміз ойымызды көрсетеді.
Біреумен сөйлесіп жатқанда, оның не айтқанына және оны қалай айтатынына назар бөлсеніңз бұл сөздер оның тәжірибесіне қатысты болуы мүмкін . Көптеген адамдардың өмірі «Қажет» деген мағынасы сөздер қолданамыз, «Кажет» деген сөзді естіген сайын құлағымдағы қоңырауды естігендей болады. Мен адамдардың сөйлемде «Кажет» көп қолданатынын жиі естимін. «Кажет» деуді ұнататын адамдар өмірінің соншалықты қатал екенін әрқашан сезінеді, неге олар белгілі бір тығырықтан шыға алмайды, олар басқара алмайтын барлық нәрсені басқарғысы келеді, әрқашан өз бетінше көп қателіктер жібереді және басқалардың өмірін содан кейін шатастырады.
Егер біз санамыздан «міндетті түрде» деген сөзді жойсақ, ол өзімізден көп стрессті алып тастайды. Көбінесе «мен...міндеттімін...» деп өзімізге қатты қысым жасаймыз. Көп адамдар "бірақ" сөзін қолданғанды ұнатады. Сөйлемді аяқтаған кезде үнемі "бірақ" деп қосамыз. Оны айту бізге екі түрлі нұсқа береді және өзімізді шатастырып жібереді.
Қортынды алсақ біздің ойларымыз бен сөздеріміз өмірімізге үлкен әсер етеді. Өзгерту үшін сіз өзіңіздің ойларыңыз бен сөздеріңізді позитивті етуіңіз керек және өзіңіз жақсы нәрселерді ұсынуыңыз қажет.
Қазірден бастаңыз, сіздің бастауыңыз қаншалықты кішкентай болса да, көп оқып, жаттығу жасасаңыз,сөйлеу мәнерін өзгертсеңіз көптеген жетістікке апарады.