Өмір сүру формуласы

Өмір сүру формуласы
жеке
блог

Егер саған қиын күндер туса, қатыгездік басқа түссе, оны өтпелі қиындық, өтіп кетеді деп сабыр сақта. Тағдырдың ісін, уақыттың сыңайын түсініп, солай болатындығын біліп тұр. Соған сөйтіп қарсы тұр, мойыма. Кез келген қиындық, бейнетке бола қайғырып, қасірет шегіп, өзіңді жасытпа, қиындыққа бой алдырма.

         Білімді адамға жолықсаң, оған күнде барып, өнер білгін, үйренгін, кербез тәкаппарлықты қойғын, пейіл беріп, бойұсынып, мүләйім көңілмен табынғын.

         Айламен арыстан тұтылар, күшпен тышқан да тұтылмас. Түйе мініп қой арасына жасырынба. Су бермеске, сүт бер. Адам көкке түкірсе, өзінің жүзіне түкір. Құс тұзаққа жем үшін ілінер.

                                                                                              (М. Қашқари)

         Бұл да менің күнделігімнің бір беті ғана болатын. Оның әр беті менің алға жылжуыма көмекші, себепкер. Тек өзіңізді алға жетелейтіндермен дос болыңыз, сізді биікке бағыттайтын іспен айналысыңыз. Өз өміріңіздің авторы – сіз,өзіңіз!