Өмір деген қызық нарсе

Өмір – автобус. Біреулер аялдамасына ұйықтап барады, кейбірі өз межесінен өтіп кетеді, енді бірі ерте, бірі түрегеп тұрса, келесісі орындықта жайлы отырады, бірі кеш түседі, ауысып-алмасқан түгесусіз адамдар. Кейде тым тығызданып кеткенде ұзындар ауамен еркін тыныстаса, аласа бойлылар демсіз тұншығып жатады. Сен түскенмен орныңа біреу мінуде, сен кеткенмен орның ойсырап қалған жоқ. Ешкім қынжылып, өкініш білдірмейді. Керісінше сенің түскенің оларға жақсы. Соңғы бекетке дейін осылай жалғаса бермек... Автобус тек өз станциясында бос болмақ...


Бөлісу: