Неге біздің әңгімелерімізді ешкім тыңдамайды?

Неге біздің әңгімелерімізді ешкім тыңдамайды?
жеке
блог

Бөлек-бөлек әріптер мен дыбыстарды мағыналы мәтінге аударып жеткізу – сәби кезімізден белгілі қасиет, алайда мәтінді жүйелі түрде құрастырып, басқа адамдарға әсер келтіретіндей етіп жеткізу – тек шынайы шешендердің қасиеті болып табылады.

Мәтіннің немесе эссенің құрамын қызықты нәрселермен өркендету – тікелей шешеннің жазу қабылеттерімен тақырыбқа сай тәжірбелеріне байланысты болса, ал әсерлі етіп қауымға ойды жеткізу – бірнеше шешендік тәсілдермен тіректеленеді. Қазіргі таңда, сауатты дәріс немесе презентация беру, табысты адамның парыз қасиеттерінің бірі болып саналады. Көптеген адамдардың пікірі бойынша, жақсы сойлеу білу, жәнеде әсерлі әңгімелерді жүргізу – теқ қана гуманитарлық және әлеуметік саланың жұмыскерлеріне сай, бірақта менің ойымша, сауатты әңгімені беру – әр бір адамның қасиеті болу керек, өйткені сол қабілеттердің қажеттілігі тек қана жұмыс барысында қолайлы болмай, бірақ біздің күнделікті өмірімізге де үлкен әсер алып келеді. Әрине, бұл блогта өз ой-пікіріммен ашық ақпарат көздерінен алынған мәлімет ең дұрысы деп айта алмаймын, керісінше, құрметті оқырманды талдау мен сынауға шақырамын. Ал енді негізгі бөлімге көшейік.

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас деген дей, біріншіден

Сәтті әңгіменің жеті жағымсыз жақтарын біліп алайық:

1. Өсек айту

Бес минут бұрын басқа адам жайлы өсек айтқан адам, бес минуттан кейін біз жайлы өсек айтады деген ойлар қауымда пайда болуы мүмкін. Сондықтанда, өсек болып саналатын тақырыбтардан қашқақтау - әңгіменің сәттілігі үшін пайда алып келеді. Оған қоса, адамдардың айтылып жатырған адам жайлы пікірлері де шешеннің ойымен сәйкес болмаса, келесі айтылған сөздері әлдеқайда жаманырақ қабылданылады.

2. Кінараттау / Мінеп-шенеу

Әрдайым адамның іс қимылдарын критиқаға салып кінараттаумен айналысқан шешеннің әңгімесін еш бір адам тыңдағысы келмейді. Мысалы, насихаттау дәріс барысында, араққа құмар адамның жаман әдетін бірден соққыға ұшыратып, сол адамды ұятқа қалдырған шешен, игі ісін жүзеге асырмай, керісінше сары уайым және депрессияға салуы мүмкін.  

3. Әр заттың жағымсыз жақтарын іздеу

Cөйлеу барысында, әр бір нәрсені жаңадан жаңа жаман жақтарын тауып, жағымсыз жақтарына екпінін салып отырған шешеннің сөйлегені сүйкімсіз болып табылады. Көптеген шешендердің қатесі - оқиғаның жаман жақтарын тым терең қарастырып, дұрыс шешім немесе әрекет жасайтын бағытты айта алмайтыны. Әрине, көбінесе, бұл бөлім - экономиқалық және саяси саланың жұмыскерлеріне және әр түрлі нақты мамандықтардың өкілдеріне сай.   

4. Зарлану және наразылық таныту

Өз әңгімеңізде әр бір ұсақ-түйек нәрселермен оқиғаларға үлкен мән беру және қайталау - әңгімеңіздің әсерің жоққа шығаруы ықтимал. 

5. Сылтау жасау

Айтылып кетілгендей, сіздің сөздеріңіз тыңдармандардың жүректеріне тиіп ықылас сезім тудыртуы үшін, сіздің сөздеріңіз өтірік пен сылтау жасаудан алыс тұруы қажет. Өз сөзіне сенбеген адам - еш бір тыңдарманды сендіре алмас.

6. Асырып айту

Асырып айту мен мақтану - сіздің әңгімеңізге әсемдік алып келмес. Мысал ретінде, кедей алдында малының сансыз көптігін баяндап отырған адамды келтіруге болады. Қандай шешендік тәсіл қолданбасада, оның әңгімесі кедей адамға жеркенішті болып көрінеді. Оған қоса, уақыт өте келе, асырып айтылған нәрселер жұрт алдында белгілі болады, сол себебтен сіздің абыройыңызға да тіл тиіп кетуі мүмкін.

7. Догматизм

Догматизм дегеніміз –  өз ой - пікіріңізді факт ретінде келтіру. XXI ғасырда, сіздің сөзіңіз беделді дәлел мен қамтамас етілу керек. Дерексіз берілген әңгімеңіз, қауымға тақырып терең зерттелмегенін білдіреді.

Сәтсіз әңгімеге алып келетін жеті қарақшымен жақынырақ танысқан соң, әдемі әңгімені құрайтын негіздерге көшу жөн.

 Сәтті әңгіменің жеті көмекшісі:


1. Жаттығу және алдын ала дайындық

Жаттығу және алдын ала дайындықтың маңыздылығы көпшілікке анық болып табылады, алайда осы пункты қалдырып кететіндердің саны өте жоғары деп санаймын. Көптеген әңгімелерді тыңдағанда, шешеннің сасып қалуы және сұрақтарға жауап бере алмауы осы жаттығу және алдын ала дайындыққа мән бермегендіктен деп ойлаймын.

2. Дыбысты және қимылды қадағалау

Джулиан Трежуреның жұмысына сүйенетін болсақ, дыбыс және қимыл қадағалау - қауымға әсер ететін ең маңызды құралдарының бірі болып табылады дейді. Ол дыбысты қадағалайтын жеті тәсілді белгілейді: регистрды қадағалау (дауыстың тереңдігі немесе жіңішкелігі),тембр - дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”), просодия (екпін жасау өнері), әңгіменің жылдамдығын қадағалау (керек жерде өзгерте білу), үзілістер жасау, дыбыс тереңдігі (жоғары немесе төмен) және дыбыстың көлемі.

3. Өз тақырыбыңызға сену

Тағы да бір маңызды нәрсе - бұл өз тақырыбқа сену және өзіңіздің қабылетіңізге сену. Шынында, Карнеги айтуы бойынша, осы жеті кеңестердің арасындағы ең маңыздысы - ол  өз тақырыбыңызға және өзіңіздің қабылетіңізге сену болып табылады. Шешеннің сөйлеу барысындағы позитивтік  ұстанымы - тыңдармандарға ең мықты әсер етеді деген пікір - көптеген дереккөздерде кездеседі. Сөйлеу басталуының алдында, айна алдында жаттығуыңыз пайдалы болуы мүмкін. 

4. Түпнұсқалылық/Аутентика

Бұл пунктың мәні - қауымға қызықты әңгімені жасағыңыз келсе, сол қауымға белгісіз, яғни, жаңа ойлармен немесе идеялармен бөлісуіңіз қажет. Бір неше рет қайталанған әңгіме, уақыт өте келе сәнін жоғалтып, тыңдарманға әсерін тигізбеуі мүмкін.

5. Қауымға сүйспеншілікпен қарау

Соңғы пукнкт болса да, қауымға сүйспеншілікпен қараудың маңыздылығы, айтылып кетілген  кеңестерден кем емес. Зерттеуге сүйенетін болсақ, адамның негативты ойлары соқыр сезім арқылы басқаларға белгілі болады [3]. Сондықтанда, әңгіме берер алдында көңіл күйіңіз көтеріңкі болуы қажет.


Жазылған ақпарат сізге бір тал көмек келтірсе, қуанышты болар едім.

Лайк қойып өз ой-пікіріңізді қалдыруға өтініш!

Дереккөздер:

[1]Дейн Карнеги “Как выработать уверенность выступая публично”,

[2]TEDX әңгімелері “Джулиан Трежуре: Неге біз әңгімемізде сәтсіздікке ұшыраймыз”, https://www.ted.com/talks/julian_treasure_how_to_speak_so_that_people_want_to_listen?language=en

[3]"Аралас сигналдар. Неге адамдар бір бірін түсіне алмайды"

http://www.theatlantic.com/health/archive/2015/04/mixed-signals-why-people-misunderstand-each-other/391053/