Мыкеңнің ойлары!#11
блог
Мектебiң мынау, класың..
Осында он жыл тұрасың..
Аттестат алып жуасың...
Жуғасын аямай қуасың
Көп қуып кетпе алайда..
Әйтпесе ерте туасың ..#MKO
********
-Оу сұлу бикеш! Менің телефоныма бір нәрсе жетіспей тұр!
-Ол не екен?
-Сіздің телефон нөмеріңіз!
Ахахаха пикап шебері 90 деңгей#MKO
********
Әр жігітпен жүріп бағамды түсіргенше, бір өзіммен болғаным артық.
© ақылды, “өзіншешка“ қыздар :)#MKO
********
-Сәлем, қалайсың?
-Сәлем, жақсы өзің?
-Жақсы. Не жаңалық?
-Жаңалық жоқ. Сенде ше?
-Менде де...
Күнде осылай...#MKO
********
Қыздар құрбысы тұрмысқа шықса: Жаныым Дана Олжас екеуің бақытты болыңдар, екеуің жарасасыңдар, мы тя люлю жанымка.Үйлерің барып тұрамыз.
Ал жігіттер досы үйленсе : Ех бауырым, жастай кеттің... Жақсы жігіт еді...#MKO
********
Безеуге арнау #MKO
Безеу, безеу қандайсың,
Құрттың бетті, оңбайсың.
“Қыздарға барсаң кетем“ деп
Жігіттерді алдайсың.
********
Шіркін, уақыт машинасы болғанда! Онда мен барып болашақ жарымды көрем де қайтып келіп, басқа сүйем-күйемдерге қарамай, тек соны ғана күтер ем )#MKO
********
Бүкіл әлем мен өмір - театр. Ал сен гардеробтағы киім беретін адамсың;)#MKO
********
Уақыт өтті сырғып ағып,
Өзгердіңдер талайың
Өзгермейді ғой анамның:
"Жейсің бе? Тағы салайын.."#MKO
********
Караоке - қазақ сөзінен шыққан. “Қара, оқы“ :)
Бақытжан Қасымов
********
Мектебің мынау, класың,
Осында 11 жыл тұрасың.
Айфон бір боп кіресің,
Айфон алты боп шығасың :)#MKO
********
Қыздар - сен оған ренжіп қалғаның үшін, ол саған ренжіп қала алатын жалғыз халық )#MKO
********
Заманауи мақалдар.#MKO
Он үште - бір баланың ата - анасы.
Аузы қисық болса да байдың баласы ән айтып, клип түсірсін.
Баласыз үй - мазар,
Балалы үй - барахолка.
Арақ - атаңнан қалған ас болды.
Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - несие алған қазақ.
Соткасыз адам ,
Ормансыз бұлбұл.
Грантқа түскен бала - ақшасы көп бала,
Ақылыға түскен бала - танысы жоқ бала.
********
КАСТИНГ! КАСТИНГ! КАСТИНГ!
Бойы 1,70 тен асатын, фугурасы әдемі, тартымды, сұлу емес "АРУ*" қыз іздестірілуде! Біздің талап: Ұрылмаған, соғылмаған, боялмаған, бұзылмаған болуы тиіс. Біздің тараптан: 1. Бақытты ету 2. Тарықтырмау 3. Кез-келген жағдайда қасынан табылу! Бұйырса ұзақ әрі, мәнді, бақытты ғұмыр кешуге кепілдік беріледі! Асығыңыз, жүректе орын біреу-ақ, өзіңізді осы рөлге лайықты деп тапсаңыз менің "администраторыма" хабарласыңыздар! Байланыс нөмірі: +77011348030 қоңырау шалған сәттен бастап бірден іске көшу сұралады, тұтқадан "Маманы" сұрау қажет. Суреттеріңізді "Whatsapp" арқылы жібере аласыздар.
Ескерту: Маякқа қайта қоңырау шалмайды, смс ке жауап бермейді, баласының қандай керемет екенінен хабардар, сондықтан оны қайталап айта берудің қажеті жоқ:)
********
- Сен Бекжан екеуің серьезно жүріп жатсыңдарма?
- Иә
- Ваще күлмейсіңдер ма не? #MKO
********
Нервыңның қаншалықты шыдамды екенін білгің келсе аңқау Ананди көр )#MKO
********
- Жанка, кешегі кездескен жігітің қалай екен, айтпадың ғой?
- Эмм, общым, тормозын басып, скорсқа салып, ручнигін тартып, астына кірпіш тіреп, дөңге қойып қойған мәшине секілді. #MKO