Жаңа жылға берілген 4 күндік демалыста тек жатпайын деп ауылға барып келгем. 31-і тойлатып Жаңа жылды құрдастармен бірге қарсы алғанбыз. Ертесіне үйде жатып іш пыспасы барма?! Содан қолдағы телефонды күндегіше қопарып отырып, есіме флешкамда сақталған музыкалар түсіп, соларды бір реттейін деп, реттеуін реттедім-ақ. Бірақ мен кімді тыңдап жүрмін, қай тілде музыка тыңдап жүрмін осы деп, соларды бір реттеп шықтым. Бақсам бақа екен демекші Классикадан бастап к-попқа дейін флешкама сақталып қалыпты. Бір қызығы Әлемнің 15 тілінде музыка тыңдайтын болып шықтым. Мына топты, мына әншіні тыңдаймын деп, оларды бөліп-жармай-ақ қояйын. Тыңдап жүрген 15 тілді жазсам; қазақ тілі, ағылшын, орыс, қырғыз, өзбек, қытай, кәріс, түрік, француз, испан, италиян, парсы, араб, түркімен, хинди тілдерінде. Негізгі тыңдап жүрген музыкамның басым бөлігі қазақ тілінде. Одан кейінгі ағылшын, сосын орыс тілінде екен. Ал қалған тілдердің ішінде түрік-хинди 10-шақты, қалғандарының саны 5-ке де жетпейді екен.
Ал, сіз неше тілде ән тыңдайсыз?!