Міржақып Дулатұлының "Біздің мақсатымыз" мақаласын талдау

Міржақып Дулатұлының "Біздің мақсатымыз" мақаласын талдау
жеке
блог

         Міржақып Дулатұлы – қазақтың ұлы зиялылардың бірі, көсемсөз шебері. Жастайынан халқымыздың қамын ойлап, саяси өміріне зор үлес қосып, «қазақ» десе, мақтан тұтып, өз еңбегін сіңірді. Сонымен қатар, сол кездегі орыс патшалығына қарсы шығып, отаршылдық саясатын қолдамағаны бізге мәлім. Осыған орай, азаттықты аңсаған Міржақып Дулатұлы «Біздің мақсатымыз» атты мақаласын жазған болатын.

        «Біздің мақсатымыз» мақаласында халқымыздың Ресейде құқықсыз екенін жазып шықты. Мақалаға тоқталып, түйгенімді жазып өтсем, бұл мақалада ең әуелі, ең негізгі арқауы қазақ халқымызды бірлікке шақыру еді. Өзім ойланып қарасам, біздің тәуелсіздік алу жолымыздағы қаншама оқиғалар мен қиыншылықтар, ата-бабаларымыз бен талай батырлар, өткір тілді қаламгерлеріміз құрбан болып, ұзақ жылдар бойы не көрмеді! «Біздің мақсатымыз» мақаласы да тәуелсіздікке, азатыққа ұмтылған кезді Міржақып Дулатұлы  сипаттап, жазып шықты. Артымызға бұрылып, кітап бетін парақтап қарайтын болсам, сан түрлі соқпақтар мен қияларды көрдім. Сол қиялардан «мың өліп, мың тірілген» қазағымның көрмегені жоқ екенін түсіндім. Мақаланың ең алғашқы жолдарынан-ақ автордың өзінің туған жерінің, халқының азаттығы жолындағы күресінің басты мұраты екенін көзіміз жетеді. Мұнда салық еліміздің пайдасына жаратылмайтындығын, дінімізді мазақ қылып, діни кітаптардың жойылуы мен оларға тыйым салуы туралы да жазып кеткен. Орыс чиновниктердің қазақ кедейлерді ұрып-соғып, күллі мал-мүлкін тартып, сан ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, моллаларға да араласты. Қысқаша айтқанда, ойларына не келсе, соны істеп, қазақтың күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды десем, артық айтқандық емес. Міржақып Дулатұлының жазғанын оқи отырып, көзімнен жас емес, қан тамуда. Сондай қилы кезеңнің дәл сол сәтте менің қайсар қазағымның басынан өткеніне сене де алмаймын...

         Қорытындылай келе, «Елінен безген ер болмас, көлінен безген қаз болмас»,- дегендей, қасіреттен де, нәубетті аштық, жаудың ойранынан да қайтпай, қасқайып тұрып елін бостандыққа шақырып, көкірек көзін ашпақ болған ұлы Міржақып Дулатұлы қазағымның ұлт ретінде қалыптасуын армандаған, ол үшін өмірін арнап, тарихымыздың тағдырлы кезеңінде қарымды қаламымен халқымыздың жарқын болашағына үлес қосып, біздің орыс чиновниктердің алдында әлсіздігімізді мойындамай, бостандық үшін күресе білгені үлкен ерлік! Дәл осы сәтте «Біздің мақсатымыз» атты мақаласының алтыннан да қымбат қалдырған мұрасы екенін ұмытпай, жадында қалуы қажет екенін түсіндім.