«Серке» газетінің 6 маусым күні шыққан 2 санында «біздің мақсатымыз» атты мақала осы бүтін бір «серке» баспасының жұмысын тоқтатуға алып келген еді.Мақала авторы Міржақып Дулатұлы.Соншалықты бір баспаны жауып тастайтындай не жазылған деп қызығып оқып қарасақ,небір құнды деректерге көзіміз жетеді.Қаһары мықты орыс империясының дәуірінде,патшаға қарсы сөз айтуға әркім бірдің бара алмайтыны анық. «Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.»деген Шерхан Мұртаза.Халық мұңын патшаға баспа арқылы жеткізсі келген Дулатұлының бұл әрекеті қазақ үшін өте керек еді. «Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық...Оның ешқандай провасы жоқтығы ыза мен кек туғызады...» Бұл мақаланың алғашқы сөйлемі.Бастауыда өте ауыр естіледі.Бірақ одан әрі оқи берсек,халықтың жағдайы өте қиын екенін байқаймыз.Мысалға жиналған салықтың көп бөлігі халыққа керек емес нәрселерге жұмсалатыны керемет сөз етілген.Жағдайы әлсіреген халық,қаражат шашып Петербург (Петербор деп айтылған) қаласына жол тартып пайдасы тимеседе,министірлікке шағымдарын айтуға баратын.Бұдан халық тек кедейлене түседі деп жазылған мақаланың бір бөлігінде.Бұл басылымның алғашқы азат жолдарынан-ақ демоакратия деген ұғымның жоқтығы,қазақтың бодандығы мен орыстардың халыққа қалағанын істеуін байқаймыз. «... Көріп отырғаныңыздай ... шенеуніктер. Офицерлер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малды алып, қалағанын істеді ...».Бұл мақала ішінен үзінді.Мақаланың келесі бөліктерінде, орыс мұжықтарының молда істеріне араласуы,қазақтың жайылымдары сатылуы,діни кітаптары барларды тұтқындауы, мемлекеттің Думада халық жанашыры болса,оны орынынан алып тасталынуы,қазақ жігіттерінің түрмеде немесе шалғай жерлерде қашып жүргендігі баяндалады.Мақала соңы мына сөйлеммен аяқталған «Біздің мыңдаған ер адамдар қазірдің өзінде шөл далада немесе түрмелерде ...» Жалпы мазмұны осы. Расында Дулатұлының бұл мақаласы өзінің өмірін қауіпке тігізумен бірдей еді.Десекте жанынан,халқын артық көрген тұлға ,бұл әрекетіне өкінбесі белгілі. «серке» басылымының жабылып қалуы міне,осы Міржақыптың ауыр және ащы ақиқатының әсері деуге болады.Шерхан Мұртазаның тағы бір сөзі бар «Шындық - ащы һәм ажарсыз.»-деген. «оян қазақ» деп аттандаған ұлт жанашырының баспаға түскен сөздері Патшаға ажарсыз,ащы көрінгені анық.Сол себепті ұлтым деген ұландардың дала безіп кетуіде осы.Мақаланың астараны үңілсек тек халық жағдайын баяндалғанын емес,саяси мәннің де барын байқаймыз. Осы мақаламен қатарласып Міржақыптың «жастарға» деген өлеңінін шыққанында аңғарсақ,өлең мен мақала біреуі халықтың жағдайы болса,біреуі сол жағдайды жақсартуға арналған жастарға үндеу деуге болады.Патша үкіметі қазақ жастарының оқығанын қаламады,сауатын ашқанын қаламады,оларға тек малдың артында мал бағып жүре берсе болғаны еді.Бірақ Дулатұлы керісінше ұлттың көзін ашқанын,оянғанын осы басылым арқылы жеткізгісі келді.Міне не себепті жабылып қалды дегенге осылай жауап беруге болады.
ХХ ғасырдың басы ұлт үшін өте ауыр басталды.Қазір ХХІ ғасыр.Еркіндік,тәуелсіздік бейбітшілік.Бірақта елімізде конституцияда демократия бар деп бекітілгенімен ,халықтың шешілмеген мәселелері жетерлік.Заңда сөз бостандығы бар деп берілген.Бірақ іш жүзінде Дулатұлы секілді ажарсыз шындықты жазар тұлғалар жоқтың қасы.Шындық айтқан жан болса келесі күні кешірім сұрайтын немесе абақтыға жабылып жатқан көрінісін байқаймыз.Бұл дегеніміз әлі дерлік демократиялық ел бола алмадық.Бүгінгі күнмен өткен ғасырғы кейіпті салыстыруға келмейді.Десекте әр дәуірдің ашылмаған шындықтары өте көп.