Мінезіңді мінсіз қыл

Мінезіңді мінсіз қыл
жеке
блог

«Жалтақтықпен  жалпақшешейлікті суқаным  сүймейді».Елбасының бұл сөзі өзгені қайдам  өзімді елең еткізеді.Себебі,бұл екі  ұғым менің мінезім тұрмақ іс-әрекетімде  де жоқ.Жаман ғана емес, жақсыда мақтаншақ бола алады.Өзіңнің  қандай екеніңді өзіннен артық ешкім білмейді.Бұдан не түюге болатыны түсінікті емеспе?!Менің мінезім қандай?Кез-келгенге қызық шығар.Онда шындық мынандай:өте қыңыр тік адаммын.Бұлардың маған қанша кесірі тиіп жатса да,сүтпен біткен мінез екенін ескеру керек шығар.Кейде сөзім сүйектен өтердей ауыр айтылса, ол менің –турашылдығым. «Аттың жемін жеп,тайдың ісін істейтін» - жастар көп қазір. Құдайға шүкір ,ол қатардан емеспін. Ата-анамнан алған тәрбием -тентек қылмады.Су ішкен құдығыма түкіруден аулақпын.Бұның бәрі –келешегімнің кереметі үшін.Бір ұғынғаным:Бөкейханов айтқан мына сөз  менің  бүкіл әрекетіме сай: «жұртқа қызмет ету-мінезден»-депті.Келісемін,мінезді де мінсіз қылуға болады.Бәрі өз қолыңда?!Айтарымның ақиқаты-осы.Сіздікі қандай мінез?Айтарыңыз болса,қалдырыңыз.