Мифтер жайлы бір үзік сыр

Мифтер жайлы бір үзік сыр
жеке
блог

Көптеген адамдар философия мен діннің мифологияға негізделгенін біледі. Мүсіншілер, жазушылар мен суретшілер, сондай-ақ көптеген басқа қайраткерлер мифтерден шабыт алды. Бірақ сонымен бірге,  қазіргі адам мифологияны дұрыс бағаламауға бейім, оны балаларға арналған ертегілермен шатастырады. Бірақ ол ғасырлар бойы жинақталған даналыққа толы.

Сондықтан қазіргі қоғам үшін бұл тақырыптың өзектілігі туралы сеніммен айтуға болады. Бәлкім, бұл оқырманның мифологияға деген үлкен қызығушылығын оятып, мифтерді басынан бастап зерттеуге итермелеуі мүмкін.

Мифология – философия, тарих, филология және т.б. сияқты көптеген ғылыми пәндердің зерттеу нысаны, ол негізінен фольклор болып табылады және алғашқы кезеңде ауызша аңыздар мен оқиғалар сынды болған.

Миф – адамдардың дүние, ондағы адамның орны, барлық заттардың шығу тегі туралы, құдайлар мен батырлар туралы түсініктерін жеткізетін аңыз.

Ежелгі дәуірде мифология барлық пұтқа табынушылық культтерінің негізі болды. Мифтердің көмегімен адамдар түсіне алмаған құбылыстарды түсіндіруге тырысып, табиғатты құдайға теңеген.

Қазіргі таңдағы мифологияның жаңа түсінігі фантастикалық жанрдың пайда болуы деп аталады, көптеген адамдар фантастикалық кітаптар оқып, фильмдер мен мультфильмдер көру барысында жаңа құбылыстарға, мифтерге, дінге, экзорцизм, магияға  қызыға бастайды. Соның көрінісі қазіргі қоғамда субмәдениеттің пайда болуына да әсер етеді. Көптеген заманауи жазушылар мен суретшілер осы мәдениеттен шабыт алады, адамдардың басым бөлігін қызықтаратын ол Египет және Грек мифологиясы екенің де ұмытпауымыз қажет. Бұл мифтердің теріс әсері емес, қоғам дамуына өз үлесі мен тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениет бөлігі деп қарастырсақ болады.

Дінтану мамандығының 1 курс студенті
Эрик Малика
Жетекші аға оқытушы Тунгатова Ұ.А.