Мақалаларға түсініктеме
Қазақ халқы тарих толқынында талай дауылдарды бастан кешті. Қайғы мен қасырет те, бейбіт күнді аңсаған, елінің тыныштығын, ерінің амандығын тілеп өткен күндер де өтті. Соның өзінде халқымыз ең басты байлық- ұлттық құндылықтарды сақтап қала алды. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған мұра бүгінгі күнге дейін қаншама өзгерістерге ұшыраса да, ата- бабаларымыз бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгені белгілі. Ең алдымен, бала тәрбиесі, яғни отбасы институтының қазақ ұлттық мәдениетінде алатын орны ерекше. Себебі, әр елдің ертеңгі күні, болашағы келесі ұрпақтың қолында. Біздің заманымызда барлық мемлекеттер, халықтар жаһандануға қарай бейімделуде. Әрине, бұл процесстің пайдасы аз деп айту мүмкін емес, дегенмен батыс мәдениеті біздің ұлттық идеялогиямызға кейде қайшы келетіні бәріне мәлім. Бұл тенденциялар ең біріншіден жастарға әсер етеді, олардың болашағы шын мәнінде осы жаһандануға тікелей байланысты. Ал, жастар болашағы- ұлт болашағы болғандықтан, бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. ХХІ ғасырдың, яғни жаһандану дәуірінің басты талабы- білім. Білімді ұрпақты тәрбиелеу отбасыға, қоғамға байланысты. Сондықтан, біріншіден қоғамдағы ұлттық сананы дамыту керек. Рухани болмыстың негізі ұлттық сана. Тарихты сақтау, ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу- ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Ұлтына қызмет ететін,
елді жаңашылдыққа жетелейтін, қоғамда ғылымның дұрыс дамуына ықпал ететін ұрпақ тәрбиелеу үшін әр отбасы баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек деп санаймын.
Көпшілігі «Кадрлар бәрін шешеді» деген сөзді естіген шығар. Оған тән мағына өте айқын. Бұл «кадрларға» мемлекеттік қызметкерлер де, ғылым қайраткерлері де, қоғамның шығармашылық бөлігі де кіруі мүмкін. Негізгі мәселе: кадрлар жиі мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан дамуын анықтайтын қоғамның қабаты болып табылады. Бірақ мемлекеттің ең талантты адамдары одан бірінші мүмкіндікте кетуге тырысатын болса, елді не күтеді? Соңғы жылдары Қазақстанда мұндай жағымсыз тенденция туралы көп айтыла бастады және мәселе барған сайын өткір сезілуде. Қазір, шын мәнінде де, әлем ашық, кім қайда тұрса да өзі біледі, білімді, білікті жанға барлық жерде жол ашық. Бұл фактор қазақ жастарының елін оңай тастап кетіп жатқанының улкен себептерінің бірі. Себебі, әр адам және маман өзін тиісті түрде бағалайтын, еңбегі мен білімінің жемісін көре алатын жерге ұмтылады. Яғни, білімді жастардың шетелге кетіп жатқанының ең басты себебі- елімізде болашағынан үлкен үміт күтетін жастарға жеткілікті жағдай жасалып жатпағаны. Мысалы, бірнеше факторларды атап өтсек, бұл: сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы, лайықты жұмыспен қамти алмаушылық, елдегі өмір сүру деңгейінің төмендігі. Ал, әр адам, әрине, өзіне өмір сүруге жайлы жер іздейді.
Жастар неге Отанын тастап, шетелге кетуге асығады емес, неге Қазақстанда жастар ұмтылатын шетелдегідей жағдай жасамасқа деген сұрақ қойған дұрыс деп ойлаймын. Себебі, шынымен де, «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала болмайды». Бірінші кезекте мемлекет жастарға тиісті түрде сенім білдірсе, олардың болашағын ойлап мемлекет пен қоғамдағы мәселелерді шешуге тырысса, елден кеткен жастар саны едәуір аз болатындығы сөзсіз. Жастар көп көшетін Еуропаның дамыған елдерінде азамат туылғаннан бастап мемлекет өз қарамағына алады: білім беру, жұмыспен қамту, қауіпсіздік пен жайлы өмірмен қамтамасыз ету. Бұл елдердің жастары шетелге көшуге асықпайды, себебі мемлекет ол үшін бәрін жасап отыр. Ал, қайтарымы ретінде білімді жастар ел экономикасына үлкен үлесін қосады. Екіншіден, бала кезден бастап жастарды патриотизм мен еліне деген сүйіспеншілікке баулу керек. Егер ата- анасы кішкентай кезінен үкімет пен мемлекетті жамандай берсе, баланың құлағына сол әбден құйылып қалады. Теледидардан мақтаныш сезімін оятатын емес, тек еліміздің кемшіліктері мен қоғамдағы проблемаларды көрсете берсе, соны көріп өскен бала болашағын бұндай елде құрғысы келмейтіні анық. Сондықтан, жастардың шетелге кетуі сияқты мәселені шешу ең бірінші мемлекеттің, содан соң қоғамның бөлшегі ретінде әрқайсымыздың қолымызда.
Қазіргі таңда қоғамда көптеген мамандар жұмыс іздеп басқа елдерге көшуде. Олардың көбісі жоғары білімде, өз саласында бәсекеге қабілетті мамандар. Бұл үдеріс елге қандай мәселе тудыруы мүмкін? Бұл мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қолданылуы мүмкін?
Соңғы жылдары Қазақстанда көптеген мамандар жұмыс іздеп басқа елдерге көшу деген жағымсыз тенденция туралы көп айтыла бастады және мәселе барған сайын өткір сезілуде. Қазір, шын мәнінде де, әлем ашық, кім қайда тұрса да өзі біледі, білімді, білікті жанға барлық жерде жол ашық. Бұл фактор қазақ жастарының елін оңай тастап кетіп жатқанының улкен себептерінің бірі. Себебі, әр адам және маман өзін тиісті түрде бағалайтын, еңбегі мен білімінің жемісін көре алатын жерге ұмтылады. Яғни, білімді жастардың шетелге кетіп жатқанының ең басты себебі- елімізде болашағынан үлкен үміт күтетін жастарға жеткілікті жағдай жасалып жатпағаны. Себебі, шынымен де, «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала болмайды».
Мысалы, бірнеше факторларды атап өтсек, бұл: сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы, лайықты жұмыспен қамти алмаушылық, елдегі өмір сүру деңгейінің төмендігі. Ал, әр адам, әрине, өзіне өмір сүруге жайлы жер іздейді. Жастар неге Отанын тастап, шетелге кетуге асығады емес, неге Қазақстанда жастар ұмтылатын шетелдегідей жағдай жасамасқа деген сұрақ қойған дұрыс деп ойлаймын. Көпшілігі «Кадрлар бәрін шешеді» деген сөзді естіген шығар. Оған тән мағына өте айқын. Бұл «кадрларға» мемлекеттік қызметкерлер де, ғылым қайраткерлері де, қоғамның шығармашылық бөлігі де кіруі мүмкін. Негізгі мәселе: кадрлар жиі мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан дамуын анықтайтын қоғамның қабаты болып табылады. Бірақ мемлекеттің ең талантты адамдары одан бірінші мүмкіндікте кетуге тырысатын болса, елді не күтеді?
Бірінші кезекте мемлекет жастарға тиісті түрде сенім білдірсе, олардың болашағын ойлап мемлекет пен қоғамдағы мәселелерді шешуге тырысса, елден кеткен жастар саны едәуір аз болатындығы сөзсіз. Жастар көп көшетін Еуропаның дамыған елдерінде азамат туылғаннан бастап мемлекет өз қарамағына алады: білім беру, жұмыспен қамту, қауіпсіздік пен жайлы өмірмен қамтамасыз ету. Бұл елдердің жастары шетелге көшуге асықпайды, себебі мемлекет ол үшін бәрін жасап отыр. Ал, қайтарымы ретінде білімді жастар ел экономикасына үлкен үлесін қосады.
Екіншіден, бала кезден бастап жастарды патриотизм мен еліне деген сүйіспеншілікке баулу керек. Егер ата- анасы кішкентай кезінен үкімет пен мемлекетті жамандай берсе, баланың құлағына сол әбден құйылып қалады. Теледидардан мақтаныш сезімін оятатын емес, тек еліміздің кемшіліктері мен қоғамдағы проблемаларды көрсете берсе, соны көріп өскен бала болашағын бұндай елде құрғысы келмейтіні анық. Сондықтан, жастардың шетелге кетуі сияқты мәселені шешу ең бірінші мемлекеттің, содан соң қоғамның бөлшегі ретінде әрқайсымыздың қолымызда.