Менің құрдастарым.
блог
Дүние жаралып,су аққалы,әлемде,ғаламда,ғаламшарымызда,жер бетінде аяңдаса – тымақты алшыдан салғызып,желсе – желдей естіріп,шапса – құйындай ұшатын,қашағанды шөбін жұтқызбай қағып түсетін «Қазақ» атты таңғажайып,ғажап,керемет халық,ел,әмбе,ұлт пайда болғалы туа бітісінен көпшіл,қонақжай,досының көптігін аңсайтын,армандайтын болды.Содан болар әр дәуірде,әр заматтарда,әр замандарда,әр кездерде,әр мезеттерде,әр мезгілдерде қазақ халқының барлық палуан жолбарыс секілді алысқанды алып ұратын білегі мен қамалаған жаудан қайтпаған қайнаған қара болаттай қайсар біткен жүрегі бар баһадүрлер,батырлар,жүрек жұтқандар немесе намыстана отырып егілген,егіле отырып тебіренген,тебірене отырып жігерленген,келер ұрпаққа өзі бастан кешкен кер тағдыр хақында сыр шертіп еміренген өсиет жырлар жазып,сормаңдай тағдырға қарсы соқталаң күресіп,езгіге түскен елін,ұйытқысынан айырыла бастаған ұлтының мүддесін қызғыштай қорыған тұлғалардың әрбірінің,әрқайсысының екі өліп бір қалған,бір уақытта тұрғылас және тұғырлас болып,бір анадан туып,бір ананың құшағында болып,бір ананың тас емшегін жібітіп,бір ананың тәрбиесінде болғандай төс қағысытырып,түн қатып түс қашып өткен,үзеңгілес құрдастары,достары болғаны баршаға мәлім.Керей мен Жәнібек,Махамбет пен Исатай, Жанқожа мен Ақтан,Абай мен Ербол,Мұқағали мен Шәмші секілді бір заманның кер тағдырын бірге бөлісіп,бастарында бір хәл,көкіректерінде бір зілмен өмір сүріп өткен осы секілді достардың сойы қазіргі кезге дейін өз жалғасын тауып келеді.
Дәл осы тақілеттес меніңде бір қазанда тарыдай тасып,бидайдай бөртіп жатқан құрдастарым баршылық.Әрине,жоғарыда айтып өткен тұлғалар секілді,кенеліткенінен күйзелткені көп кедір-бұдыр замандарды бастан өткермесе де,шие байланған маңызды түйіндерді шешпесе де,талайды көріп,талайдан торықпаса да өзіндік орындары,өзіндік атақтары,өзіндік даңқтары,өзіндік еңбектері бар.Малы киелі,жері иелі,емген сүті нәрлі,естіген сөзі мәнді,көзін сақтана салып,сөзін сақтана айтатын,тұғырынан туы мен тәуелсіздігін түсірмеген,арасындағы ауызбіршілігін,ынтымағын,достығын және татулығын қашырмай 25 жылдың ішінде әлем аренасынан ойып тұрып орын алған Қазақ елінің жастары,яғни мен және құрдастарым осындай керемет,ғажап,тамаша тату,бейбіт,аспанында қыран құсы еркін ұшып,орманында бұлбұлы еркін сайрай алатын тыныш заманда өмір сүріп жатқанымызға қуанамыз және Қазақстанның осындай ауыз толтырып,кеудені керіп,басты көтеріп,мысын жоғары ұстап айтатындай дәрежеге жеткенін мақтан етеміз.Әрине бұл жеткен жетістіктеріміздің баршасы,барлығы,түгелі жоғарыда атап көрсетіп өткен ожар қылық пен өжет қылықты достардың ту қойдың сауырындай құйқалы жерде өмірлерін сүріп жатқан аңқау,қорғансыз халқының күнгейінен көлеңкесі мол түнгі түлейдей түнеріңкі тағдырларының бір қалтарысына азғантай да болса сәуле дарытқысы келіп еткен еңбектері,қылған қызметтері,төккен терлерінің пайдасы,өтеуі,өтемі.Менің не айтқым келіп отыр?Менің айтайын деген ойым:халқының маңдайындағы сор мен қоғам бойындағы қырсықты жойып,түптамырымен құрту үшін шыман шығарған шырғалаң тұстарға да қарамай жанын,қанын халқы үшін,елі үшін,жері үшін,болашақ ұрпағының тыныш,бейбіт,еш уайымсыз,еш қайғысыз,еш қорлықсыз,еш зорлықсыз,еш қиындықсыз өмір жалғастыруы үшін пида етті.Ойға тартсаң арба сынатын,қырға тартсаң өгіз өлетін бұндай қытымыр тағдырда маңызды істерді мігірсіз бітірген олар бұның барлығын өз достарымен бірге,өз құрдастарымен бірге атқарды.Әр заманның,әр заматтың,әр ғасырдың қияметтерінде әртүрлі жұптар пайда болды.Әуелі Керей мен Жәнібек «Қазақ хандығын» жер бетіне әкелсе,одан соң Махамбет пен Исатай қорғаса,кейін
Абай мен Ербол халықтың көзін ашты,ал бірінде Жанқожа мен Ақтан батырларымыз елге қорған болса,бірінде басқа батырларымыз болды.Осылай-осылай жалғастырып Қазақияны алға сүйреді. Ендігі кезекте бұл дәстүр бізге келеді.Біз,яки,ХХІ ғасыр «адамзат баласының алтын дәуірінде» өмір сүріп жатқан жастар,мен және менің құрдастарым Қазақ елін тебінгілерін теріс тағынтып атқа мінгізген кесапаттар мен келеңсіздіктер тұсындағы батырларымыз секілді басымызға дулыға,үстімізге сауыт киіп,астымызға жүйрік тұлпар мініп,бір қолымызға найза,бір қолымызға шоқпар ұстап жауға шауып алға сүйремейміз.Қазір техника мен технологияның,көзі ашық,көкірегі ояу жандардың заманы.Сондықтан,біз Қазақстанымызды білімнің әбікәусарымен сусындау арқылы алға сүйрейміз.Білім алып,алған білімімізді еліміздің игілігі үшін,еліміздің сарабдал саясатшы,көреген көшбасшы,көпті көрсе тайсалмайтын көсем Н.Ә.Назарбаев айтпақшы 30 елдің қатарына еніп және сол 30 елді басып озып одан әрі қарыштап дамуына жұмсауымыз қажет һәм жұмсаймыз.Мен оған сенемін!