Менің күнделігім #1

Менің күнделігім #1
жеке
блог

     Мен және сен. Жермен көктей. Арамыз алшақ. Бірақ байланыстымыз. Үзілмегей.

     Ехх, жалқаудың жалқауымын. Әңгімелерімнің де жалғасы жоқ, суреттердің де жалғасы жоқ, аспапта ойнаған әуеннің де, қиялымның да жалғасы жоқ. Бір іске құлшына кіріскеннің ертесінде жалықтырып жібереді. Аяқтай алмаймын. Кешегі шабыттың, ұшқыр ойдың, қиялдың ізі білінбейді. Ойымды да реттей алар емеспін, бәрі шашыранқы, шимай-шатпақпен туындылар араласып кеткен. Бірде шықсам, бірде құлаймын. Түсініксіз.

     Түнде ұйқыға жатарда телефонымның даусын жүз рет тексеремін. Білмеймін. Неден қорқамын? Түнде далаға шықсам да мұнша қорықпаспын. Жарық өшкен сәтте-ақ, үстелдегі қосулы телефонымнан жүрегім ұшады. Ішінен біреу шығатындай. Даусы қосылып қалады кейде. Сол кезде хат келгендегі дыбыстан талып қала жаздаймын. Қашан мұны қалыптастырып алғанмын? Кішкентай кезімде үйде бір телефон болатын. Интернет жасамайтын. Бір күні сіңілім будильник қосып қойған еді. Содан түнгі 01.00-02.00 шырылдайды. Қорқынышты дауыс. Менен басқасы ұйқыда(телефон маған жақын маңайда жатқан болуы керек). Мультфильмдерде ойыншықтар тірілгенде, бір адам ойыншыққа айналғанда шығатын әуен бар ғой. Дәл сондай. Қатты қорықтым. Әр 1 минут сайын шырылдады. Дауыс тоқтаған кезде тұрып іздедім де, қайта шырылдайды дегенде орныма барып жата қалдым. Қайта шырылдайды. Тоқтағанда қайта іздеймін. Дауыс шыққанда орнымнан тұрмақ түгіл қолымды қозғалта алмадым. Не зат екенін білмесем де, іздедім. Таңертен сіңілім сол телефонға жүгіргенде-ақ мазамды алған сол екенін білдім. Жарық кезінде әуен қорқынышты емес, түнде қиялым мықты болған сияқты. Әлі күнге дейін қоя алмаймын. Бұдан басқа биіктен қорқатыным бар. Биіктен қорқу екінің бірінің фобиясы. Бірақ оны жеңуге тырысамын. Мектептің сатысынан күнде төменге қарап тұрамын. Күлкілі шығар, бірақ мен үшін қорқынышты еді, алғашында ұстауға арналғанын тас қып ұстап, 1 минут та тұра алмайтынмын, қазір соншалықты қорқынышты емес. Алғашқысы да  күлкілі қорқыныш. Тым күлкілі.

    Біреудің алдында ұятқа қалатындай болам да тұрам. Көп ғалымдар үндемей  қалғанына емес, сөйлегені үшін өкінсе менде керісінше. Үндемей, жасқанып қалған сәттерім көп болды. Қатты өкіндім. Өткеннен пайда жоқ дейді. Бәрін ұмытып енді ғана жиналып келемін. Өзгеріске ұмтылдым. 

     Жалғасады.                    

                                                                                            30.10.17

P.S. байланысты өздеріңіз табыңыздар.