Менің жаным ауырады

Менің жаным ауырады... Теребеле-теңселе аяқ басып жатақханаға кірдім...

Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес еді... себебі бұл ардың ісі болатын. Тұла бойым бөлшектеніп кеткендей ауыр сезім... Жатақханада теледидарға қарама-қарсы тұрған диванда отырған әкемді көргенде жүрегімнің қағысы солқ-солқ етіп ауырлай түсті... Тілім күрмеліп "әке, ұзақ күттіңіз бе?" деген сөздерді әрең айттым. Ерік берсе, әкеме жанымның ауырғанын айтқым-ақ келді. Бірақ, бұл менің жалғыз құпиям болуы тиіс еді. Себебі бұл жайлы мен және жанымды ауыртқан, жоқ, ауыртқан деуге келмес, үлкен соққы берген жан екеуміз ғана. Сіз мұны оқып отырған болсаңыз айқым келгені: сіздің хаттарыңызды оқыған кезде бірінші жүзіме еріксіз күлкі үйіріліп, кейін мөлт-мөлт еткен тамшылар топмақ бетімнен сырғи түсетін. Мен мұны сізге түзу қарап айта алмаймын. Себебін сіз де, мен де білеміз...

Хаттарыңызға рахмет! мен оларды мәңгі сақтауға сөз беремін! Жаныңызға жара салған болсам, кешірерсіз... 

Сіздің хаттарыңыздың иесі болу да ерекше бақыт сыйлайды...



Бөлісу: